23
апрель
2020
Асанова Лаура Крыкбаевна

Еңбек жолын 1981 жылы аудандық білім бөлімінде әдіскерліктен бастап, Шоқай датқа атындағы орта мектептің мұғалімі болды.
1986-1999 жылдар аралығында “Ақбота” балалар бақшасының меңгерушісіі қызметін атқарды. Осы жылдары Байқадам ауылдық аймағы әйелдер кенесінің төрайымы болып, қоғамдық жұмысқа белсене араласты.
1999 жылдан Ж.Отарбаев атындағы орта мектептің директоры болды. 2002 жылдан Байқадам атындағы орта мектебінің директоры.
Л.Асанова осы уақытқа аудандық мәслихаттың, екі шақырылымының депутаты болды.
Қазақстан Республикасы Білім министрінің Құрмет грамотасымен екі рет марапатталған.