Мектебіміздің мақтанышы - каратэші Бағлан » Жамбылская область Сарысуйский районс.Саудакент сш. им. Байкадама Кашкинбаева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Cарысу ауданы білім бөлімінің
«Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 342-12-58
Есепші бөлімі:
+7 (775) 456-96-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебіміздің мақтанышы - каратэші Бағлан
23
апрель
2020

Мектебіміздің мақтанышы - каратэші Бағлан

Шубаев Бағлан Қалдыбекұлы 1999 жылдың 14 ақпан күні Саудакент ауылында дүниеге келген. 2005 жылы Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің 1-ші сыныбына қабылданып, қазіргі таңда осы мектептің 11 сыныбында білім алуда, тәрбиелі, білімді озат оқушы. 
               Бағланның ата-анасы отбасында 5 ұл-қыз тәрбиелеп өсірді, ең кенже баласы Бағлан спортқа деген құштарлығы кішкентай күнінен басталды.
               Бағлан 8 жасынан бастап ата-анасының қолдауымен Саудакент ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің каратэ-до секциясына қатысып көптеген жетістіктерге жетті. 
               Ең алғашқы үлкен жеңісі 2012 жылы Көкшетау қаласында жасөспірімдер арасында өткен каратэ-додан республикалық чемпионатта 1-ші орынды иеленіп  Гонконг қаласында өтетін Азия чемпионатына жолдама алып, сол жарыста 1-ші орынды иеленіп, Азия чемпионы болды. 
               2012 жылы Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында өткен  «Әлем кубогі» («Кубок мира») чемпионатында 1 орын - Әлем чемпионы.
                2013 жылы Тәжікстанда Орталық Азия чемпионатында 1 орын - Орталық Азия чемпионы. 
               2014 жылы Сингапурда өткен Азия чемпионатында 1 орын – Азия чемпионы.
               2015 жылы Грузия Республикасының астанасы Тбилиси қаласында өткен Әлем чемпионатында 1 орын - әлем чемпионы.
                2016 жылдың  сәуір айының 1-3 күндері аралығында Польша мемлекетінің Будгощ қаласында өткен Әлем чемпионатында 1 орын алып әлем чемпионы атағын алып келді.
               Бағлан Қалдыбекұлы 2015 жылдың 9 қарашасында каратэ-додан «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағын алды, сонымен қатар  Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы болып көптеген марапаттауларға ие.
               Қазіргі таңда Бағлан Алматы қаласында Туризм және спорт академиясының туризм және спорт факультетінің 4 курс студенті. 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив