Мектеп директорының "Қамқоршылық кеңес" ұйым алдындағы есебі » Жамбылская область Сарысуйский районс.Саудакент сш. им. Байкадама Кашкинбаева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Cарысу ауданы білім бөлімінің
«Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 342-12-58
Есепші бөлімі:
+7 (775) 456-96-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп директорының "Қамқоршылық кеңес" ұйым алдындағы есебі
07
ноябрь
2018

Мектеп директорының "Қамқоршылық кеңес" ұйым алдындағы есебі

Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестерін ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына байланысты қоғамдық кеңестің мүшелерінің қатысуымен өткізілген отырыстың

№ 8 хаттамасы
Саудакент ауылы 16.10.2018 ж
Күн тәртібінде:
1. Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі директорының Қамқоршылық кеңес ұйымы алдында кезекті есеп беруі

Қатысқан өкілдер саны: 1адам
Тыңдалды:
Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің 2018 жылдың 14 қыркүйегіндегі шығыс № 3375 хатын басшылыққа ала отырып, 2018 жылдың 16 қазан күні сағат 16.00-де Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің «Рухани жаңғыру» кабинетінде мектептегі қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Кеңес отырысына кеңес мүшелері және мектептің қызметкерлері қатысты. Кеңестің күн тәртібінде 1 мәселе қаралды. Мектеп директоры Асанова Лаураның 2017-2018 оқу жылындағы мектеп бойынша атқарылған жұмысының есебі тыңдалды.
Отырысты қамқоршылық кеңес ұйымының төрағасы Қ.Оспанбеков ашып, бүгінгі кеңес отырысының күн тәртібіндегі мәселесімен таныстырып, жүргізіп отырды.
Негізгі мәселе бойынша келесі сөз кезегін мектеп директоры Асанова Лаура Қырықбайқызы алып, өткен 2017-2018 оқу жылында мектеп бойынша атқарылған жұмысына есеп беру баяндамасын жасады.
Асанова Лаура өз баяндамасында мектептің шығармашылық тақырыбын, мақсаты мен міндеттерін,
Шығармашылық тақырыбы:
«Әрбір оқушының өзінің қажеттілігі мен мүмкіндігіне сай білім алу құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз ету арқылы, оқушылардың білім сапасын арттыру».
Мақсаттары:
-Терең теориялық білім, білік дағдылары, олардың қабілеттері мен талап-тілегін қанағаттандыратындай, әр оқушының дара ерекшелігіне сай ой - өрісін, талғамын, дүниетанымын дамыта отырып, оқытып тәрбиелеу;
-Әр оқушыны білім үрдісі жұмысына ұйымдастырушы және сабаққа қатысушы есебінде тәрбиелеу;
Жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу.
Міндеттері:
-Жеке тұлғалардың жан-жақты дамуына ықпал ететін жаңа педагогикалық ойлауды білім тұрғысынан дамыту;
-Оқушылардың білім алу барысындағы оқу іс-әрекеттерінің тәсілдерін қалыптастыру;
-Ана тілін, ділін, оның тарихын, мәдениетін, өмірін, кәсібін қастерлеп, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларын меңгерту;
-Жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, шыдамдылық, жинақтылық, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерді қалыптастыру деп айтып, өткен оқу жылында атқарылған жұмыстар мен мектептің жетістіктеріне тоқталды:
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінде 2017-2018 оқу жылында 21 сынып комплектісі болды:
Жалпы оқушы саны: 363
Оның ішінде:
Қыздар – 183
Ұлдар – 180
І. Жалпы отбасы саны –
ІІ. Бала тәрбиесі үшін маңызды жайдың бірі-отбасының толықтығы
1.Толық отбасы (ата-анасымен) - 88%
2.Әке тәрбиесінде - 0,04%
3.Ана тәрбиесінде -11,5%
4.Әжесімен (басқа да туыстарымен тұратындар) - 0,1%
ІІІ. Бала тәрбиесі үшін маңызды бір жай-отбасы құрамы.
1. Жалғыз балалы отбасы – 9,2%
2. 2 немесе 3 баласы бар отбасы – 73,5%
3. Көп балалы отбасы – 17,3%Еліміздегі демографиялық ахуалдың төмен екендігі ақпарат құралдарында жиі айтылып жүр. Жалпы алғанда, бір отбасында 2 немесе 3 баладан аспайды.
ІV. Ата-ана білімі:
1.Жоғары білімді - 30%,
2.Орта білім – 23,2%
3.Кәсіптік орта білімді – 11,1%
Ата-аналардың жасы 30-дан асқан. Олардың басым көпшілігі жоғары білімді мамандар. Оқушылардың 99% тұрақты мекен-жайда. Егеменді еліміздің жыл өткен сайын экономикалық жағдайдың көтеріліп келе жатқанын, жылдан-жылға мемлекет тарапынан әлеуметтік салаға қамқорлық өсіп отыр.
VІ . Тұрмыс деңгейі:
1.Тұрмыс-жағдайы төмен – 2,8%
2.Тұрмыс-жағдайы орта – 21,4%
3.Тұрмыс-жағдайы жақсы – 75,8%
- 2,8% тұрмысы төмен отбасындағы ата-аналардың негізінен денсаулығы төмен, еңбекке жарамсыз, сонымен қатар, ата-анасынан ажырасқан, әкесі немесе шешесі қайтыс болған, толық емес отбасы екендігі анықталды. Олар мектеп жанындағы интернат балалары.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 13.04.2015 ж №198
бұйрығының 6 қосымшасындағы «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар
мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген
тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартын басшылыққа ала
отырып, ауыл әкімшілігі мен аудандық салық басқармасының анықтамаларына
сүйене отырып, мектеп директорының 06.01.2017 жылғы №1 бұйрығы бойынша
бір мезгіл ыстық тамақпен 51 оқушы қамтамасыз етілді. Оның аз қамтылған отбасы
балалары-26, көп балалы отбасы балалары-22, жартылай жетім-2, жетім-1 бала
қамтылды.
2017-2018 оқу жылындағы 10 қаңтардан-10 ақпанға дейін «Қамқорлық» -қайырымдылық
акциясы өткізілді. Мектепте акцияға арналған іс-шара жоспары бекітіліп, іске асырылды.
Акция кезінде ауылдық әкімшілікке «Батыр», «Айдана», «Нұргелді», «Арзан» т б
сауда дүкендерінде және «Техникалық шығармашылық орталығы» «Аудандық
мұрағат» т б орталықтарға үндеу парақтары таратылды. Аталған кәсіпкерлер мен
орталық басшысы мектеп жанындағы интернаттағы балаларға және мектептегі аз
қамтылған, жетім, жартылай жетім отбасы балаларына заттай, киім-кешек, оқу
құралдарымен қамтамасыз етті. Барлығы 55.000 теңгені құрады.
І-ші онкүндік бойынша-20.000 тг
ІІ- ші онкүндік бойынша-24.500 тг
ІІІ-ші онкүндік бойынша-10.500 тг
Қамқорлық – қайырымдылық акциясы кезінде 13 рейд жасалынып, 20 бала, 18 мұғалім қатысты. Мектепке келмеген, жалпы оқуға қамтылмай қалған, сабақтан тыс, оқушы
болған жоқ.
- Оқу жылының қорытындысы бойынша 78 оқушы үздік, 161 оқушы екпінді, 124 оқушы орташа білімді көрсетті.
16 мұғалім аудандық, облыстық, Республикалық және Халықаралық байқаулардан жүлделі орындар, 40 оқушы әртүрлі интернет олимпиадалардан жүлделі орындар, 20 оқушы аудандық пән олимпиададан жүлделі орындарға ие болып, оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы-67%, үлгерім-100% болды.
Өткен оқу жылында 11 сыныпты 15 оқушы бітіріп, соның 8 оқушысы ҰБТ (Ұлттық бірыңғай тестілеуге) қатысып білім сапасы-87,3%, үлгерім-100 % болып, соның нәтижесінде 15 оқушының: 8 оқушысы ақылы оқуға, 7 оқушы грант иегері болды.
Директордың есебі тыңдалып болғаннан кейін, хабарламашыға сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды.
Жиын соңында дауыс беру арқылы барлық кеңес мүшелері бірауыздан қолдап, мектеп директоры Асанова Лаура Қырықбайқызының 2017-2018 оқу жылындағы мектеп бойынша атқарған жұмысын қанағаттанарлық деп табылсын деген шешім шығарылды.







Кеңес төрағасы: Оспанбеков Қ
Хатшы: Кариева М






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив