05
ноябрь
2018
2018-2019 оқу жылының басталуы
Бірінші қыркүйек күні мектеп бойынша 1-қыркүйек «Білім күніне» арналған салтанатты жиын Мемлекеттік гимнмен басталды.Жиын барысында мектеп директоры Л.Асанова ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, өз сөзінде жаңа Конституция негізіне адам мен азамат құқықтары, олардың еркіндігінің үстемдігі, Қазақстанда күшті мемлекет құру жайы айтылды. Сонымен қатар «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың ауқымды идеялары мен тұжырымдамалық тәсілдерді терең зерделеу және білім алушылар арасында таратуды ұйымдастыру болып табылады.Елбасы: «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі,яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай,олардың өзегіне айналады»-деп атап көрсетті.
Білім күніне арналған жиынға Байқадам ауылдық округ әкімі Назарбеков Амантай Қалдыбайұлы,Сарысу ауданы әкімінің өкілі Есіркепов Хайролла Шардарбекұлы, Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің әдіскері Бетаева Бота Пернебекқызы қатысып оқушыларды 2018-2019 оқу жылымен құттықтады.Бірінші сыныпты аттағалы отырған бүлдіршіндер қонақтарға арнап өлең тақпақтарын айтты. Алғашқы қоңырауды 11 сынып оқушысы Дабылова Шұғыла мен 1 сынып оқушысы Борис Бексұлтан соқты. Салтанатты жиын ҚР-ның мемлекеттік гимнмен жабылды. 1-9 сынып оқушылары«Мен-патриотпын» тақырыбында , 10-11 сынып оқушылары «Мен-өз елімнің патриотымын» тақырыбында барлық сыныптарда ашық тәрбие сағаттары өткізілді.