Мектеп тарихы » Жамбылская область Сарысуйский районс.Саудакент сш. им. Байкадама Кашкинбаева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Cарысу ауданы білім бөлімінің
«Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 342-12-58
Есепші бөлімі:
+7 (775) 456-96-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
февраль
2019

Мектеп тарихы

1928  жылы көшпелі “Қызыл отау” болып бастаған мектеп Сарысу ауданы халқының қоныстануына  байланысты  1933 жылы сәуір айында аудан орталығынан бастауыш  мектеп-интернат болып ұйымдастырылып, оған 200-ге жуық тәрбиеленуші тартылды.

     Мектептің алғашқы  мұғалімдері Қордай Түсіпұлы, Көбен Алпысбайұлы, Кенжетай Сүлейменұлы, Әбен Медеуұлы, Әшекей Өтешұлы, Мүсиіп Байтілеуұлы, Киікбай Махажанұлы, Наурызбай Шүңгілұлы алғашқы “Қызыл отау»,  бастауыш мектептің  тұңғыш мұғалімдері болып еңбек етті. Олар 1922 жылы Шабдан Ералиев, Жанайдар Садуақасовтардың ықпалымен Әулиеата, Шымкент қалаларына оқуға түсірілген жастар еді. Кезінде бұл мектепте Бауыржан Момышұлы да дәріс беріп кеткен.

      Мектептің алғашқы директоры осы ауданның азаматы Барболов  Темешәлі болған.

       Мектеп  1933 жылдан 1935 жылға дейін Байқадам Қашқынбаев атындағы бастауыш мектеп, 1935 жылдан 1938 жылға дейін Құлымбетов атындағы орталау мектебі, 1938 жылдан 1957 жылға дейін Каганович атындағы орта мектеп, 1957 жылдан қазірге дейін Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі деп аталып келеді.

      Байқадам орта мектебі тарихында тұнғыш мұғалім ретінде Дәукен Сейтбаевтың есімі белгілі. Ол мұғалімдікті  1928 жылы № 3 ауылдағы / казіргі Байқадам ауылының тұрғындары/ “Қызыл отаудан» бастап,1948 жылға дейін Байқадам орта мектебінде орыс, неміс тілдерінен сабақ берген.

      Мектеп тарихында  1946 жылдан бері 200-ге тарта түлек орта мектепті алтын және күміс медальдармен бітіріп шықты.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив