25
январь
2019
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі «Дарын» оқушылар ғылыми қоғамының есебі
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі
«Дарын» оқушылар ғылыми қоғамының
2018-2019 оқу жылының І жартысындағы жұмысы туралы
АНЫҚТАМА
«Дарын» оқушылар ғылыми қоғамының
2018-2019 оқу жылының І жартысындағы жұмысы туралы
АНЫҚТАМА
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінде «Дарын» оқушылар ғылыми қоғамы қызмет атқарады. Ғылыми қоғамның жетекшісі – орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, мектеп тренері А.Каримбекова. Оқушылар ғылыми қоғамының 2018-2019 оқу жылына арналған жұмыс жоспары бекітілген. 3-4, 5-7 және 8-11 сынып оқушылары арасында мектепішілік ғылыми жоба байқауы өткізіліп отырады. Оқушылар түрлі әр секция бойынша ғылыми жетекшісімен бірлесе отырып ғылыми жоба жұмыстарын зерттеумен айналысады.
Аталған оқу жылының қазан айында өтізілген «Ак бота» республикалық интеллектуалдық марафонына қатысқан дарынды оқушылардың 11-і ІІІ, 7-і ІІ, 2-і І орындар алып, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Дипломдарымен марапатталды. 7 «А» сыныбының оқушысы Азаматқызы Ақторғын «Оқы, тп» облыстық онлайн байқауына қатысып, ІІІ дәрежелі Дипломға ие болды. 6 «А» сынып оқушысы Лесбек Бауыржан «Жас информатик» ғылыми сайысынан ІІ орын, 8 «А» сынып оқушысы Тұрар Ақкербез «Жас физик» ғылыми сайысынан ІІ орын, 8 «А» сынып оқушысы Тоқанова Қарлығаш «Жас математик» ғылыми байқауынан І орын алып, аудандық білім бөлімінің мадақтамасын алды.
Қараша айында өткізілген «Русский медвежонок – языкознание для всех» халықаралық байқауына ақылы негізде мектептен 5 оқушы қатысып, жауап парақтары аудандық білім бөлімінің әдіскеріне өткізілді. Аталған байқаудың нәтижесі үстіміздегі жылдың ақпан айында шығарылады.
«Золотое руно» халықаралық байқауына мектептің 7 оқушысы ақылы негізде қатысуға өтініш білдірді. Оқушылардың байқауға қатысу жарнасының түбіртегі мен сандық есебі аудандық білім бөліміне қараша айында өткізіліп қойды. Бұл байқау 15-18 ақпан аралығында өткізіледі.
Ғылыми қоғамның мүшелері желтоқсан айында өткізілген аудандық пән олимпиадаларына қатысты. 9 -11 сынып оқушылары арасынан 16 оқушы қатысып, 15 жүлделі орындарға ие болды. Ал 9 «А»сынып оқушысы Ғалиев Ерғалым тарих пәнінен аудандық пән олимпиадасының І орын жүлдегері атанып, облыстық пән олимпиадасына жолдама жеңіп алды. Пән мұғалімі Қошманбетова Сандуғаш апайдың жетекшілігімен оқушы облыстық пән олимпиадасына тыңғылықты дайындалды.
2019 жылғдың 3-4 қаңтарында Тараз қаласында өткен облыстық пән олимпиадасында Ғалиев Ерғалым өзінің білімін өте жоғары деңгейде көрсеті біліп, жүлделі ІІ орын мен күміс медальға, сонымен қатар ұялы телефонға ие болды.
Мектеп оқушылары "Дарын" республикалық ғылыми -практикалық орталығынының ұйымдастыруымен өткізілетін интернет олимпиадаларына кестеге сәйкес қатысып, сертификаттар мен дәрежелі Дипломдарға ие болуда.
Анықтаманы дайындаған: А.Каримбекова