23
апрель
2020
Дулыға Ақмолда Досмахамбетұлы
Дулыға Досмахамбетұлы Ақмолда (1971 жылы 10 желтоқсанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылында туған) - кино және театр актері, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2010). Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері. 1971ж. Жамбыл облысы Сарысу ауданы Саудакент ауылында дүниеге келді. Байқадам орта мектебі және Саудакенттегі Ықылас атындағы музыкалық мектепті бітірді.
1993ж. Қазақ Мемлекеттік Т.Жүргенов атындағы Театр және кино институтын (қазіргі Өнер академиясы) «Театр-кино актері» мамандығы бойынша бітірген. Театрда осы жылдан бастап қызмет етед.
1993ж. Қазақ Мемлекеттік Т.Жүргенов атындағы Театр және кино институтын (қазіргі Өнер академиясы) «Театр-кино актері» мамандығы бойынша бітірген. Театрда осы жылдан бастап қызмет етед.
Марапаттары
- Театрдың дәстүрлі «Театр көктемі» фестивалі, сондай-ақ республикалық және халықаралық театр фестивальдерінің (Корея, Түркия) бірнеше мәрте жүлдегері.
- 2002 жылы Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты
- 2010 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы.
- Қазақстан Театрлар Ассоциациясның «Сахнагер – 2017» Ұлттық театр сыйлығының «Үздік актер» аталымы бойынша марапатталды. (Астана 27 наурыз 2017 жыл);