23
апрель
2020
Әбіл Амангелді

1988 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіріп, еңбек жолын Жуалы аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастайды. Одан кейінгі жылдары Жаңатас қалалық, Сарысу аудандық радио хабарлар редакциясының жауапты хатшысы болды. 1999 жылдан аудандық «Сарысу» газетінде тілші бөлім меңгерушіс, 2005 жылдан облыстық «Ақ жол» газетінің тілшісі.
Амангелді Абылашұлы Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Журналистің облыстық аудандық, облыстық басылымдағы еңбектер Сарысу ауданы әкімімен мәслихатының Талас аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен. Мойынқұм ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталған.
Ол Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан көтерілісіне қатысушы. Оны әр жанрда жазған дүниелері бірнеше ұжымдық жинақтарда жарық көрген.