28
сентябрь
2020
Сұлтанбеков Тұрсынбек Темірланұлы

Т.Сұлтанбеков Қ.А.Ясауи атындағы Қазақ-Түрік университетін «Филология», Тараз инновациялық гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2004 жылы Сарысу аудандық «Сарысу» газетінде корректор болып бастаған. Осы басылымда тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың міндетін атқарушы болып еңбек еткен. 2008 жылы республикалық «Салық тәртібі» газетінде тілші болып жұмыс істеді. Сол жылдың қыркүйек айынан Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінде меншікті тілші, тілші, «Саясат», «Экономика» бөлімдерінің меңгерушісі болды. Жамбыл облыстық сот актілерін орындау департаментінде, облыстық әділет департаментінде, өңірлік жеке сот орындаушылар алқасында баспасөз хатшысы, Жамбыл облыстық Халыққа қызмет көрсету орталығында пиар-менеджер болып қызмет атқарған. 2015 жылы Жамбыл облыстық «ARAI» жастар газетіне бөлім меңгерушісі болып ауысты. 2017 -2020 жылдары Жамбыл облыстық «ARAI» жастар газеті бас редакторының орынбасары болды. 2020 жылдан "Nur Otan" партиясы Жамбыл облыстық филиалының баспасөз хатшысы.Т.Сұлтанбеков саладағы жемісті еңбегі мен қоғамдық қызметі үшін көптеген марапаттармен наградталған. 2011, 2015, 2016 жылдары Елбасы Н.Назарбаевтың Алғыс хаттарымен, 2015 жылы Елбасы-Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Н.Назарбаевтың Құрмет грамотасымен, Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен (2018), Жамбыл облыстық мәслихатының Құрмет грамотасымен (2013), Тараз қаласы әкімінің Алғыс хатымен (2016), Жамбыл облыстық соты төрағасының Алғыс хатымен марапатталған. Жамбыл облысы, Тараз қаласы әкімдерінің шығармашыл жастарға арналған сыйақысының иегері.
2012 жылдан Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Отбасылы, үш бала тәрбиелеп отыр.