Дүйсембек Үкілім Бахытжанқызы » Жамбылская область Сарысуйский районс.Саудакент сш. им. Байкадама Кашкинбаева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Cарысу ауданы білім бөлімінің
«Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 342-12-58
Есепші бөлімі:
+7 (775) 456-96-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дүйсембек Үкілім Бахытжанқызы
11
сентябрь
2020

Дүйсембек Үкілім Бахытжанқызы

Дүйсембек Үкілім Бахытжанқызы 1997 жылдың 10 қарашасында Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылында дүниеге келген. Отбасында 3 баланың үлкені. Әкесі Шубаев Бақытжан Дуйсембекұлы-Жамбыл облысының жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде өрт сөндіруші қызметін атқарады. Анасы Бекмырзаева Клара Жұлдызбекқызы-жеке кәсіпкер.    
     2004-2015 жылдары Байқадам орта мектебінде ("Байқадам Қашқынбаев" атындағы орта мектеп) білім алған. Мектепті тәмамдап, 2015 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне физика пәні мұғалімі мамандығына грантқа түсіп, 2019 жылы университетті үздік аяқтайды. Студенттік жылдарда білім мен ғылымды ұштастырып, Республикалық деңгейде 1, Халықаралық деңгейде 4 ғылыми мақаласын жариялаған. Сонымен қатар, 2 оқу-әдістемелік кітап жазған. 
 Елбасының 3 тілді білім алу қағидасын басшылыққа ала отырып, сабақтан бос уақытында ағылшын тілі курстарына қатысып,  "Intermediate" деңгейін сәтті оқып шыққан. 4-курс оқып жүргенде, карьерасының алғашқы баспалдағы болған  өзі оқыған университетте физика кафедрасында зертханашы қызметін атқарды. 
     Бакалавриатты үздік аяқтап, 2019 жылы магистратураға кешенді тест тапсырып, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне физика педагогтерін даярлау мамандығы бойынша магистратураға грантқа түскен. Қазіргі таңда магистратураның 2-курсында оқып жатыр.  2019-2020 оқу жылында Халықаралық, Республикалық деңгейде 2 ғылыми мақаласы жарық көрді. Оқу мен жұмысты қатар алып жүр. Сабақтан тыс уақытында Нұр-Сұлтан қаласындағы "Aiplus " Республикалық оқу орталығында математика пәнінен тренер қызметін атқаруда. Бұл жетістіктерімен тоқтап қалмай, магистратура бітіріп, докторантураға түсуге ниеттеніп отыр. Жеткен жетістіктеріне себепкер болған ата-анасы, мектептегі ұстаздары мен университеттегі оқытушыларына алғысын білдіреді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив