05
ноябрь
2020
Мектебімізде «Ұлттық ойындар- ұлтымыздың құнды мұрасы» атты іс- шара өткізілді.
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша педагог – ұйымдастырушының іс- шара жоспарына сәйкес «Ұлттық ойындар- ұлтымыздың құнды мұрасы» атты іс- шара денешынықтыру пәні мұғалімдерінің қатыстырылуымен өткізілді. Күзгі каникул кезінде білім алушылардың бос уақытын тиімді өтікзуге бағытталып өткізілген іс- шараның мақсаты : ата – бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз ұлттық ойын екендігін біліп өсуге, денсаулығын шындай түсуге тәрбиелеу болды. Дене тәрбиесі пәні мұғалімі Рахметолла Бөрібек оқушыларға «Ұлттық ойындар – ұлтымыздың құнды мұрасы» тақырыбында дәріс өткізіп, дәріс кезінде ұлттыққ ойын түрлеріне жеке- жеке тоқталып мәлімет берді. Дене тәрбиесі пәні мұғалімі Егешов Алтай ежелден келе жатқан ұлттық ойынымыз – тоғызқұмалақ ойыны бойынша шеберлік сыныбын өткізді. Шеберлік сыныпқа Егешов Алтай ағай жетекшілік ететін «Тоғызқұмалақ» үйірмесіне қатысатын білім алушылардың қатысуымен өткізілді. Іс-шара карантин кезіндегі санитарлық нормалар қатаң сақтала отырып жүргізілді.


