02
октябрь
2020
Дариябеков Мейрамбек Сенгирбекович
1985 жылы 1 мамыр айында Саудакент ауылында өмірге келді. 1991- 2001 жылдары Байқадам атындағы орта мектебінде білім алды. Мектепті бітірген соң ТарМУ - нің "дене тәрбиесі пәні мұғалімі" мамандығы бойынша оқып, 2004 жылы бітіріп шығады. 2004-2010 жылдар аралығында Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектепте дене тәрбиесі пәні мұғалімі, 2012 жылдан бастап 2017 жылға дейін мектеп жанындағы интернат меңгерушісі болып жұмыс атқарады. 2017 жылдың қыркүйек айынан мектеп директорының құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда. Отбасылы, 6 бала тәрбиелеп отыр.