02
октябрь
2020
Иманбеков Жамбыл Борисович
Иманбеков Жамбыл Борисович 13.05. 1985 жылы Сарысу ауданы, Саудакент ауылында дүниеге келді. 1991 жылы Байқадам орта мектебіне 1 сыныпқа барды. Мектепті 2001 жылы 25 мамырында үздік бағамен аяқтады. Мектепті бітірген жылы Тараз гуманитарлық техникалық университетіне "география және тарих пәні мұғалімі" мамандығы бойынша оқуға қабылданады. 2005 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінде жұмыс істеуде. 2005 жылдан - 2012 жылға дейін география пәні мұғалімі, 2012- 2017 жылдар аралығында педагог- ұйымдастырушы, 2017 жылдан бастып директордың бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда. "НҰР -ОТАН" бастауыш партия ұйымның жетекшісі қызметін қоса алып жүр. Қызмет жолында аудан, облыс, республикалық деңгейдегі көптеген марапаттауларға ие болды.