09
январь
2019
«Қазақ қызы деген атқа лайық болайық» тақырыбы бойынша өткізілген жиналыс туралы
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша өткізілген «Қазақ қызы деген атқа лайық болайық» тақырыбы бойынша өткізілген жиналыс туралы
АНЫҚТАМА
АНЫҚТАМА
Мерзімі: 12.10.2018ж
Мақсаты: Қазақ елінің тарихи тұлға арулардың қасиеттерін насихаттау, мектептегі әрбір қыз баланы ибалылық сақтауға баулу
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша он жетінші қараша күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Сыздықова, әлеуметтік педагог Қ.Оспанова, психолог А.Бегаулова бірлесе отырып «Қазақ қызы деген атқа лайық болайық» тақырыбында 8-11 сынып оқушылары арасында жиналыс өткізді. Жиналыс мақсаты: Қазақ елінің тарихи тұлға арулардың қасиеттерін насихаттау, мектептегі әрбір қыз баланы ибалылық сақтауға баулу,адамгершілік,имандылық,эстетикалық тәрбие беру. Осы мақсатта әлеуметтік педагог «Қыздар арсында» тақырыбында коучинг өткізді. Қыздарды үш топқа бөле отырып, қыз баласының тәрбиесі қандай болу керек? деген сауалнамаларға жауап іздестіру арқылы әр қыздың ойларымен бөлісті.Қазақ қыздары ның қандай қасиеттер тән болу керек? деген сауалнамаға постер жасатты. Сонымен қатар қазіргі заманауи қыздардың киім үлгісі қандай болу керек ? тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Сыздықова білім министірінің мектептерге қойылған біріңғай мектеп формасының ережесімен таныстырып, қазақ елінің ұл қыздары қашанда етегін жауып,әдеппен сөйлейтінін тәрбиелі де ибалы қыз болып өсу керектігін айтып, қыздардың бес асыл қасиетіне тоқталып өтті.
Мектеп психологы Бегаулова А «Қыз көрігімен көрікті» тақырыбында психологиялық жаттығулар жасатып, қалай қателікке жол бермеу керек? тақырыбында психологиялық тренинг өтті. «Қыз» ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді.Сондықтан да «Қыз» деген атқа лайықты бола білу қажет деп бүгінгі жиынды қорытындылады.