Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша құрылған «Қыз Жібек» қыздар клубының 2018-2019 оқу жылындағы жұмыс жоспарымен таныстыру туралы » Жамбылская область Сарысуйский районс.Саудакент сш. им. Байкадама Кашкинбаева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Cарысу ауданы білім бөлімінің
«Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 342-12-58
Есепші бөлімі:
+7 (775) 456-96-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша құрылған «Қыз Жібек» қыздар клубының 2018-2019 оқу жылындағы жұмыс жоспарымен таныстыру туралы
09
январь
2019

Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша құрылған «Қыз Жібек» қыздар клубының 2018-2019 оқу жылындағы жұмыс жоспарымен таныстыру туралы

Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша құрылған
«Қыз Жібек» қыздар клубының 2018-2019 оқу жылындағы жұмыс жоспарымен таныстыру туралы өткізілген жиналыстың

Анықтамасы
[center]
Мерзімі: қыркүйек
Мақсаты: «Қыз Жібек» қыздар клубының 2018-2019 оқу жылындағы жұмыс жоспарымен таныстыру
Қыркүйек айында мектептегі барлық қыздардың тізімдерін алу, жылдық жоспармен таныстыру, бекіттіру жұмыстарын атқарды. Қыркүйек айында клуб жетекшісі бойжеткен ережелерімен таныстыру мақсатында мектеп қыздарына жиналыс ашты.
Жиналыс мақсаты: Қыздарға адамгершілік тұрғысынан бойжеткен ережесін үйрету.Өз бойларындағы сұлулықты, әсемдікті сезіну, адамдармен қарым-қатынас іскерліктерін дамыту.Қыздардың өз бойында инабаттылық, ибалық, сыпайылық қасиеттерін қалыптастыруға, бірлікке тәрбиелеу
Директордың тәрбие ісі жөнідегі орынбасары Г.Сыздықова «Қыз Жібек» қыздар клубының 2018-2019 оқу жылындағы атқарылатын жұмыс жоспарымен клуб мүшелеріне таныстырды. Жоспар барысында «Қыздар кеңесі» құрылып ол жұмысты «Үкілім-ай» қыздар кеңесінің жетекшісі Абдикаримова Ләзиза басшылық жасайтынын айтып өтті. Мектеп жасындағы қыз балалар тәрбиесін негізінен үш кезеңге бөлуге болады. Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын арттыру, кітап оқу мәдениетін дамыту. 5-8 сыныптар арасындағы алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері ары қарай дамытыла түседі. Бұл тұста, жас ерекшелігіне қарай, қыз бала анасынан ешнәрсе бүкпейді. Қит еткен нәрсенің бәрін айтып келеді. Сол шыншылдығы мен ашықтығын пайдаланып, қыз баланың келешегіне ең керекті нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру – басты борыш. Үшінші кезең 9-11 сыныптарды қамтиды. Бұл аралықтағы тәрбие алдыңғы кезеңдермен тығыз байланысты. Адамға деген мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. Сондықтан әрбір қыз балаға ата – анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін,өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз екенін айтып, 8-11 сынып оқушылары арасын қамтитын «Қыз Жібек» қыздар клубының тұжырымдамасымен таныстырды.


Анықтаманы дайындаған
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Г.Сыздықова


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив