13
ноябрь
2018
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша «Туған өлке-тұнған тарих» атты бейнеролик байқауы өтті
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша «Туған өлке-тұнған тарих» атты бейнеролик байқауы туралы
Анықтама
Мерзімі:20.09.2018жыл
Мақсаты: туған өлкенің тарихын насихаттау
Байқадам қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Сыздықованың ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушылары арасында «Туған өлке-тұнған тарих» тақырыбында бейне ролик байқауын өткізді. Байқаудың негізгі мақсаты «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында еліміздің киелі жерлерімен тарихи орындарына саяхат жасап,мәлімет жинақтау.Осы мақсатта мектеп оқушылары өздерінің арнай жасаған бейне роликтері арқылы ауылымыздың киелі жерлері мен тарихи орындарына саяхата жасап,аулымыздың тарихымен кеңінен танысты. Нәтижесінде І орынды 11 «Ә» сынып оқушылары, ІІ орынды 9 «А» сынып оқушылары, ІІІ орынды 10 «Ә» сынып оқушылары иеленді.Оқушылардың жасаған жұмыстары арнайы қатқыл дискіде жинақталды.