«Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбы бойынша өткізілген жиналыс туралы » Жамбылская область Сарысуйский районс.Саудакент сш. им. Байкадама Кашкинбаева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Cарысу ауданы білім бөлімінің
«Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 342-12-58
Есепші бөлімі:
+7 (775) 456-96-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбы бойынша өткізілген жиналыс туралы
09
январь
2019

«Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбы бойынша өткізілген жиналыс туралы

Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша өткізілген
«Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбы бойынша өткізілген жиналыс туралы
АНЫҚТАМА

Мерзімі: 14.12 .2018ж
Мақсаты: Қыздарға қырық үйден тыйым ұғымдарының мәнін ашу;
Адамдармен сыпайылық қарым-қатынаста болуын дамыту; Инабаттылыққа, сыпайылыққа,әдептілікке тәрбиелеу.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Сыздықованың ұйымдастыруымен ақпан айының он алтысы күні «Қызға қырық үйден тыю» тақырыбында мектеп қыздарына жиналыс өткізді. Бұл іс–шараның мақсаты қазіргі таңдағы жастарымыз – қыз балаларының бойындағы мінез–құлық, жүріс-тұрыс, үлкендер алдында өз–өзін ұстауы, сөз сөйлеу мәнері секілді қыз балалардың бойында қазақы болмысымызға тән қасиеттердің болуын талдау–талқылау, имандылыққа баулу, жастардың өркениетті еліміздің даму талабына сай жан–жақты азамат болып қалыптасуына ықпал ету, ғылым–білімге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. «Қызға қырық үйден тыю, ұлға отыз үйден тыю» мақалына түсінік жұмысын жүргізіп,оқушылармен пікір алмасты.
Халқымыздың тәрбиелік құралдарының күнделікті қолданылатын үлгі, өнеге түрлерінің бірі – тыйым. Бұл балалар мен жастарды жаман әдеттерден сақтандырып, жақсылыққа бейімдеуден шыққан педагогикалық ұғым. Осы арқылы олар әркімді теріс мінез, орынсыз қимылдардан сақтандырып отырған. Халық ұғымында тізені құшақтау – жалғыз қалудың, үлкеннің жолын кесу - әдепсіздіктің, қолды төбеге қою – ел-жұрттан безінудің, асты төгу – ысыраптың белгісі деп таныған және ондай істерге қатаң тыйым салған. Ел ішінде тыйым түрлеріне байланысты сөздер көптеп саналады.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе», - дейді М. Әуезов.
Отбасы тәлім – тәрбиесіне ел тағдыры, халық болашағы байланысты. Халқымызда «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе, қара күңнен тыю» деген мақал бар. Осыдан қыз бала тәрбиесіне тек қана анасы емес, бүкіл ауыл, ру жауапты болып отырғанын білсек керек. Бүгінде Абай, Шоқан сынды даналарды өмірге әкелген отбасы институтын сақтап қала алмай отырғандаймыз. Шындығына келгенде бала тәрбиесі – жаумен арпалысып, елді қорғаумен тең жұмыс. Бала туылғаннан бастап, жеген тамағы, білгені таза болуын қадағалаудың өзі – қиынның қиыны. Ұлжан анамыз Абайды дәретсіз емізбеген. Ұлжан анамыз ғана емес, дәстүр бойынша кез – келген қазақ осылай тәрбие берген деп ,слайдты көрсетілімдер көрсетті. Жиын барысында оқушыларға тақырып төңірегінде сауалнама парақшалары таратылды. Шараға тек қыз балалар ғана қатысып қоймай, сондай–ақ, нәзік жандылар жайында өз ой–пікірлерін білдіруге ниет білдірген ер балалар да қатысты. Кездесуге келген қонағымыз мектеп ардагері Ермаханова Гүлнар апай , «Үкілім-ай» қыздар кеңесінің төрайымы Абдикаримова Ләзиза апай жастарға өз ақыл-кеңестерін айтып, қазақи салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардан дәріс беріп, өмірден көрген-түйгендерін айтып, қыздарды әдемілік пен әдептілікке, жат қылықтан аулақ болып, үлгілі болуға, ата–ананың үмітін ақтауға шақырды.
. Іс-шара бірсарында емес, жастармен пікір алмасу түрінде өтті. Тақырып «Қызды қырық үйден тыю» болғандықтан қырық тыйым жайында қыз баласына байланысты мақал–мәтелдер айтылды. «Қызға қырық үйден тыйым»тақырыбында ой толғаулар жазды
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив