09
январь
2019
«Халықаралық қыздар күніне»арналған іс-шара
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша 4-13 қазан аралығында өткізілген «Халықаралық қыздар күніне»арналған іс-шаралар туралы.
Анықтама
Мерзімі:12.10.2018ж
Мақсаты: Қыз балаларымыздың қоғамдағы белсенді орнын айқындай отырып, құқықтарының бұзылмауына жол бермеу.
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сыздықова Гүлзипаның ұйымдастыруымен «Халықаралық қыздар күні»мерекесіне орай арнайы он күндік іс-шаралар жоспарлары жасалып,өткізілді.04.10.2018ж іс-шара жоспарымен таныстырып, Қыздар мерекесінің шығу тарихына тоқталды. Бүгін – Халықаралық қыздар күні (International Day of the Girl Child). Біріккен Ұлттар Ұйымының мерекені күнтізбеге енгізудегі басты мақсаты – қыздардың құқықтарын мойындау, әлемдегі барлық қыздар ұшырасатын ауыр мәселелерді шешуге көмек қолын созу. Мереке әлі тым жас. 2012 жылы алғаш рет атап өтілді және бұл жылы ең өткір проблемаға айналып отырған балалар некесі тақырыбы қозғалған болатын. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, шамамен әлемдегі әрбір төртінші қыз 18 жасқа жетпей жатып тұрмыс құрады екен. Оның ішінде үштен бір бөлігі 15 жастан бұрын бойдақтық өмірмен қош айтысады. Дамыған елдердің өзінде өмірге келетін сәбилердің 90 пайызын осы ерте тұрмыс құрған қыздар өмірге әкеліп отыр. Ерте пайда болған жүктілік сәбидің ғана емес, ананың да денсаулығына зиян тигізеді, себебі, бұл жаста қыздардың ағзалары мұндай ауыр үдерістерге дайын емес. Сондай-ақ, бала некесі адамның негізгі құқықтарын бұзады, олар білім алуын қысыммен тоқтатып жатады. Бүкіләлемдік қыздар күнінің алғашқы жылының осы тақырыпқа арналуы да тегін емес. Осы күн аясында БҰҰ өзінің құрамындағы елдерге неке жасын белгілеу туралы заң шығаруға тапсырма берді және қыз баласының білім алуына жағдай жасап, некеге ерте тұрған қыздарға көмектесу шараларына назар аударып отыр.Осы мақсатта қазан айының бесі күні « Ерте жастағы некенің қауіптері» тақырыбында ата-аналар арасында ақпараттандыру жұмысы жүргізілді. 06.10.2018 жылы Мектеп психологы Бегаулова Айгүл ата-аналармен кездесу өткізіп « Балалармен қарым қатынас» тақырыбында психологиялық кеңестер берді. 08.10.2018ж директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сыздықова Гүлзипа «Қыз Жібек» қыздар клубының мүшелерімен «Сен өз құқығыңды білесіңбе?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. 09.10.2018ж сынып жетекші Бөпежанова Забира «Қыз бала тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізіп,қыз балаларға ақыл-кеғесте айтты.11.10.2018ж «Қыз өссе елдің көркі» тақырыбында ауылдық әкімшіліктен құрылған «Әжелер алқасымен» кездесу өткізілді.Кездесу барысында қонаққа келген әжелеріміз «Қыз Жібек қыздар клубының мүшелеріне «Халық қыз бала тәрбиесін 4 ұғым: адал мен арам, обал мен сауап төңірегінде топтастырады. Ұлт дәстүріндегі бір ерекшелік- тәлімдік ақыл-кеңесті жас ұрпақ санасына астарлап, тұспалдап жеткізу. Мысалы, «Келінім, саған айтам, қызым, сен тыңда», «Қыздың қырық жаны бар» деген мақал-мәтелдерде тәрбиелік талап- тілектерді жанамалап жеткізген. «Бет пішіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терең ойлы қыз – ару. Жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік қыз – әсем .Сөзі өткір, өзі пысық, өрескелдікті сүймейтін, болмашыға күйіп – піспейтін,келбетті қыз – сұлу.Істесе үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын, өзі бірден көзге түсе қоймайтын қыз – көрікті. Баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы – жаманның жөнін біліп тұратын қыз - әдемі. Дене бітісі жинақы сөзі салмақты, қыз – ажарлы тақырыбында пікір алмасып,ой өрбітті. Қонаққа келген Рая әжеміз - Қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген халқымыз «Қызға қырық үйден тыйым, қала берді қара күңнен тыйым»,«Әйелді сүйіктіге айналдыратын –ар мен ұят» деп санаған деп қыздарға ақыл кеңесін айтты.Кездесу соңы концерттік бағдарламамен аяқталды. 12.10.2018ж «Бүгінгі қыз-ертеңгі ана» тақырыбында кездесу өткізді.Кездесуге ауылдық амбулаторияның басшысы Сұлтанова Гүлира мен амбулаторияның гинеколог дәрігері Даулетова Мираш қатысты. Кездесу барысында дәрігер Сұлтанова Гүлира қазіргі таңда белең алып тұрған жасөспірімдер арсындағы құқық бұзушылықты, соның ішінде қыз балалардың әдепсіз қылықтарға үйір екеніне тоқталып өтті. Гинеколог Дәрігер Даулетова Мираш «Гигиеналық тазалықты сақтау және жыныстық қатынастың ауыр зардаптары» тақырыбында баяндама оқыды. Ол өз баяндамасында ерте жыныстық қатынасқа түсу туралы, Республика көлемінде болып жатқан жан түшіктірерлік фактілерді оқи отырып, бұның барлығы жас қыздарымыздың жыныстық сауатының төмендігінен екеніне көз жеткіздік. Ашық-шашық шетелдік фильмдердегі махаббат бостандығының да әсері мол екенін естен шығармағанымыз жөн. Бұл тақырыпта қазақ қызы анасымен ашық сөйлесуге қысылады да, көшедегі құрбыларының кеңесіне көбірек жүгініп, от басып қалып жатады. Сондықтан бүгін жасөспірім қыздар мен ұлдарға жыныстық қатынас тәрбиесі туралы кеңес беруді жөн көрдік деп аяқтады.
Елбасымыздың : «Әйел-бесік иесі. Демек, әйелдің жайы түзелмей, бесігіміз түзелмейді, бесігіміз түзелмей-еліміз толық түзелмейді» деген сөздерін әркім есінде сақтауы керек деп ойлаймын. Өз басым қазақ қыздарының ішкі жан дүниесінің сұлулығына, мәдениеттілігіне, әдептілігіне өзге жұрттар таңдай қағып қараса екен деп армандаймын. Қаракөздеріміз бұрымды шашымен, инабатты мінезімен, ақылдығымен, кіршіксіз арымен әрқашан басқалардан ерекшелене білсе екен деймін деп президентіміздің сөзімен он күндік іс –шара қорытындылады.