21
декабрь
2020
Мелдеев Азамат Талғарұлы
Мелдеев Азамат Талғарұлы 06.09.1990 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданы Саудакент ауылында дүниеге келді. Алғашқы білім алуға деген қадамын 1997жылы Б.Қашқынбаев атындағы орта мектебінде оқудан бастады. 2008жылы білім ордасын аяқтап Тараз қаласындағы Тигу университетіне түсіп, аталған оқу орынын 2012 жылы аяқтады. Алғашқы еңбек жолын Саудакент ауылдық әкімшілігінде маманның көмекші болып 2013жылға дейін атқарды. Кейін Саудакент ауылдық аула клубында информатика пән мұғалімі болып жұмыс жасады. 2017 жылдан бастап Б.Адамбаев том мектебіне педагог ұйымдастырушы болып жұмыс істеді. 2018 жылдан бері қазіргі таңда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқаруда. Отбасылы, 2ұл 1қызы бар.
