
Муханова Ақмарал 1976 жылы 3 наурызда Байқадам ауылында дүниеге келді. 1993 жылы Байқадам мектебін бітірген соң Жамбыл қаласындағы Жамбыл жеңіл тамақ өнеркәсібі технологиялық институтына оқуға түсіп, "технолог" мамандығын алып шықты. Сол жылы Тараз мемлекеттік университетіне заңгер мамандығына оқуға түседі. Аталған оқу орынын бітірген соң Тараз қалалық № 2 сотында хатшы болып жұмыс істеді. 2008-2011 Жамбыл облысы сотында ұйымдастыру бөлімінде маман, 2011 жылы Маңғыстау облысы сотында ұйымдастыру - талдау бөлімінің басшысы,2014 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің указымен 8 қыркүйектен бастап судья. Қазіргі таңда Түлкібас аудандық сотында судья болып жұмыс істейді.