Шоқан Сыздықұлы Шөжеев
Шоқан Сыздықұлы Шөжеев
1964 жылы 18 тамызда дүниеге келген.
1971- 81 жылдар аралығында Байқадам қазақ орта мектебінде оқыған.
1981-82 жылдары Аудандық баспаханда газет басушы болып жұмыс істеген.
1982-84 жылдары Отан алдындағы азаматты парызын Чехословакияда Әскери әуе күштері құрамында тік ұшақ механигі болып өтеген.
1984 жылы Қазақ мемлекеттік Университетінің журналистика фаукльтетіне түсіп 1990 жылы қызыл дипломмен аяқтаған.
Республикалық «Қазақ тілі» қоғамында ,Ленин Комсомолы Комитетінің Орталық аппаратында баспасөз хатшысы қызметін атқарған.
«Лениншіл жас», «Алматы ақшамы» газетінде журналистік қызметте болған.
Жазушалар Одағының «Ақиық» шығармашылық бірлестігінде жауапты хатшы қызметкері болды.
«Хабар», «Қазақстан ұлттық» телеарнасында продюссер болып жұмыс істеді.
Қазіргі таңда «SERT STUDIO» кинокомпаниясының төрағасы.
«Қара майор», «Батыр Бауыржан», «Жұмбағы мол соғыс», « Мылтықсыз майдан» деректі фильмдерінің авторы.
«Шекара шебінде», «Тасөткел» «Кейкі батыр», «Кебенек» телесериалдарының үйлестірушісі , редакторы болған.
«Айбын», «Ақсауыт», «Жауынгер» әскери патриоттық бағдарламалардың авторы, продюссері .
«Қазақстанда жасалған» телебағдарламасының продюссері.
«Тіл тірегі» ток шоу бағдарламасының жүргізушісі болды.
Үш кітаптың авторы.