04
ноябрь
2020
Сексенбаев Кенжеәли Қалдарбекұлы

Сексенбаев Кенжеәли Қалдарбекұлы 13,01,1976ж Жамбыл облысы, Сарысу ауданы Байқадам ауылында дүниеге келді. 1983-1993 жылдар аралығында Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінде оқыды. Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарында қызмет атқарған. Қазіргі таңда майор шені бар офицер.
1993 ж РФ Волговятскии край, Киров қаласына, авиациялық техникалық училищесіне, вертолётшылар дайындайтын факультетіне түсіп, 1996ж бітіріп шықтым.
Сол жылдан бастап Тараз қаласының аэропортында орналасқан вертолётшылар әскери базасында 7 жыл борттехник болып Ми-8 тікұшағында ұштым.
2004 ж Қарағанды қаласына МиГ-31 истребитель самолётына (жойғыш ұшақ) ауыстым. Онда 14 жыл қызмет атқардым. Негізгі тапсырмамыз Орталық Қазақстан мен Астана қаласының әуе қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды.
Қазіргі кезде 2018 ж бастап Ақтөбе қаласындағы Әскери Әуе Қорғаныс Күштерінің Т.Ж. Бельдинов атындағы мемлекеттік Әскери ұшқыштар институтында Инженер инструктор мамыны болып, жас түлектерді дайындаумен айналысудамын, Әскери шенім МАЙОР.
Қазақстан Қарулы Күштері қатарында 1993 жылдан бері 27 жылдан аса уақыт үздіксіз қызмет атқарып келемін.