17
ноябрь
2020
Ахаев Қуаныш Баспақұлы
Ахаев Қуаныш Баспақұлы 1971 жылы 15 қарашада Сарысу өңірі Байқадам ауылында дүниеге келген. 1977 жылы Байқадам қазақ орта мектебінің табалдырығын аттап, балалық шағы осы ауылда отеді. 1988 жылы Байқадам қазақ орта мектебін тәмамдап қатарластарымен бірге жоғарғы оқу орнына түсуге Алматы қаласына арман қуып келеді. Сол жылы айы оңынан туып Алматы Зоо-Ветеринарлық Институтына оқуга түседі. 1992 жылы Байқадам орта мектебінде бірге оқыған Муханова Майра атты жұбайымен отау құрып 1993 жылы өмірге Тоғжан есімді алғашқы сәбилері дүниеге келеді. 1993 жылы институттың «Ветеринария» факультетін белсенділікпен аяқтап алғашқы жұмыс жолын Сарысу аудандық ветеринариялық станциясында мал дәрігері маманында бастайды. 2000 жылы отбасымен Тараз қаласына қоныс аударып, кәсіпкерлік жолын бастайды. 20 жыл шамасында кәсіпкерлікпен айналысып адал қызмет етеді. Қазіргі таңда «Шина +» сауда саттық орталығының бас директоры болып табылады. 2 қыз 1 ұлдың әкесі.