Жол ережесін білеміз бе?» атты жиналыс өткізілді
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша өткізілген
«Жол ережесін білеміз бе?» атты жиналыстың
ХАТТАМАСЫ
Саудакент ауылы 25.01.2019 жыл
Қатысқанда: 1-7 сынып оқушылары
Сынып жетекшілер-15
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Сыздықова Г.
Ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы,полиция лейтенанты: Қасанов Д.
Күн тәртібінде:
І. Балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау, жол ережелерімен таныстыру.
Тыңдалды:
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша директордың тәрбие ісі жөнідегі орынбасары Сыздықова Гүлзипа сөз алып, қазіргі таңда жасөспірімдер мен болып жатқан келеңсіз көлік оқиғалардың алдын алу, жол қауіпсіздігін сақтау,жол ережелерін қатаң ұстану мақсатында арнайы ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы,полиция лейтенанты: Хасанов Даулеттің ұйымдастыруымен жиналыс ұйымдастырылып отырғанын айтып өтті.
Сөйледі:
Ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы,полиция лейтенанты Хасанов Даулет 1-7 сынып оқушылары арасында «Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік» атты баяндама оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Түсіндіру жұмысы барысында оқушылардың қаншалықты жол ережесін білетіні туралы сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Оқушылар жол ережесі туралы деректерді «балапан» арнасынан көріп білгендерін айтып өтті. Оқушылар жиын барысында полиция инспекторына жол қозғалысының ережелері туралы сұрақтар қойып, тұщымды мәліметтер алғанын жасыра алмады.
Қаулы етеді:
І. ЮПТ Хасанов Даулеттің баяндамасы үнемі назарға алынып отырсын
ІІ. «Жолда жүру ережелерін» ата-аналар балаларына үнемі сынып жетекшісімен қатар түсіндіріп отырсын.
Жиналыс төрайымы: Л.Асанова
Хатшы: Умирбаева