16
февраль
2019
2018-2019 оқу жылындағы қаңтар айында өткізілген жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары туралы ХАТТАМАСЫ
2018-2019 оқу жылындағы қаңтар айында өткізілген жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары туралы
ХАТТАМАСЫ
ХАТТАМАСЫ
Саудакент ауылы 23 қаңтар 2019 ж
Қатысқандар:8-11 сынып оқушыларының ата-аналары, сынып жетекшілер.
Қатысқандар:8-11 сынып оқушыларының ата-аналары, сынып жетекшілер.
- Сарысу ауданы ішкі істер бөлімінің ювинальдық полиция тобының инспекторы полиция лейтенанты Қасанов Д.
- «Сарысу аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция» инспекторы аға лейтенанты Г.Есенбаев
І. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Сыздықова құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жүргізілген іс-шара туралы жан-жақты талдаулар жасап,өмірде болып жатқан оқыс оқиғаларды айтып өтті.
Сонымен қатар жеке тұлғаның адамгершілік құқықтық қасиеттерін қалыптастыру,әлеуметтік,азаматтық, әділдік ұғымын орнату,заңдылық пен тәртіп қорғауды қамтамасыз ету мақсатында түсініктеме жұмыстарын жүргізді.Жасөспірімдер арасында жүйкеге әсер ететін зиянды заттардан аулақ болуды қатаң түрде ескертіп өтті.Оқушылардан ананимдік сауалнамалар алды.
Сөйледі:
Сарысу ауданы ішкі істер бөлімінің ювинальдық полиция тобының инспекторы полиция лейтенанты Қасанов Даулет сөз алып,оқушылардық құқықтары мен міндеттері туралы,құқық бұзушылықтың заңнамаларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Былтырғы оқу жылындағы құқықтық тәртіпті бұзған оқушыларға талдау жасады. Ол өз сөзінде кәмілетке толмаған жасөспірімдер кешкі уақытта қоғамдық орындарға,ойын- сауық құратын жерлерге,көңіл көтеретін орындарға бармауы жөнінде ескертулер айтты.Егерде орын алған жағдайда құқықтық жауапкершілікке тартылатындығы жөнінде айтып өтті.
Келесі сөз кезегін «Сарысу аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция» инспекторы аға лейтенанты Г.Есенбаев сөз алып, «Қылмыстық құқық пен әкімшілік құқықтың түрлерімен таныстырды. Ол өз сөзінде құқық бұзушылық болған жағдайда, егерде ауыр қылмыс (қанды оқиғалар)болса олар міндетті түрде ҚР-ның қылмыстық кодексінің заңнамаларымен жауапкершілікке тартылатын жөнінде айтып өтті. «Әкімшілік құқықтық жаза» ол белгілі бір жағдайларда ескертулер берілетіні,сосын аудандық ішкі істер бөліміне есепке алынатыны туралы атап өтті.
Қаулы шешм етеді:
І. Құқық бұзушылықтың алдыналу жұмыстары жандандырылсын.
ІІ. «Құқықтық білімді» жандандыру мектептің құқық пәні мұғаліміне жүктелсін.
Жиналыс төрайымы: Л.Асанова
Хатшы: Умирбаева Г