Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша «Жасөпірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу барысында жүргізілген іс-шара есебі туралы
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша «Жасөпірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу барысында жүргізілген іс-шара есебі туралы
Анықтама
Мерзімі: Қараша,желтоқсан
Мақсаты: Жасөпірімдер арасындағы тәртіп бұзушылықтың алдын алу.
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша құқықтық тәрбие ҚР Укіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы №873 қаулысы негізінде жылдық жоспар жасалынып атқарылуда.
Мақсаты:құқықтық мәдениетті және құқықтық сананы жетілдіру,заңды іс-әрекетіне саналы түрде қатысуға баулу.
Құқықтық тәрбиеде атқарылатын жұмыс түрі;
1.Нашақорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу.Жыл басында арнайы «Наркологиялық бекет» құрылып, жұмыстар атқарылуда.
Қыркүйек айында мектеп медбикесі Оңғарбаева Сағыныш пен әлеуметтік педагог Байқадамова Ақмаралдың ұйымдастыруымен «Нашақорлықтың қоғамға тигізетін зияны» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізсе ,қазан айында 8 -11 сынып оқушылары арасында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Сыздықова мен мектеп медбикесі Оңбарбаева Сағыныш дөңгелек үстел өткізді,қараша айында «Мен есірткіге қарсымын» тақырыбында ойталғау жазса, желтоқсан айында «Нашақорлық-ғасыр дерті» тақырыбында 5-11 сынып оқушылары арасында тәрбие сағаттары өткізілді.
2.Діни экстремизмен терроризмге қарсы күрес. Бұл бағыт бойынша қыркүйек айында «Діни экстремизм және терроризм дегеніміз не?» тақырыбында дінтану пәнінің мұғалімі Иманбеков Жамбылдың ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізіп түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазан айында 11.10 2011 жылғы №483-ІҮ қаулысын басшылыққа ала отырып ҚР-ның Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Қараша айында «Діни экстремизм және терроризмнің түрлері» тақырыбында 8-11 сынып оқушылары арасында мектеп психологы,дінтану пәнінің мұғалімі,әлеуметтік педагог бірлесіп дөңгелек үстел өткізсе,желтоқсан айында тарих пәнінің мұғалімі Қошманбетова Сандуғаш, Иманбеков Жамбыл 9-10 сынып оқушылары арасында пікір сайыс өткізілді.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағыты бойынша «Адал ұрапқ клубы» құрылып жұмыстар атқарылуда.Атап айтатын болсақ қыркүйек айында «Сыбайлас жемқорлық деген не?», қазан айында Заң бұзушылықтың алдын алу мақсатында 02.07.1998 жылғы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі туралы заңы тақырыбында түсіндіру жұмысы, қараша айында 8-11 сыныптар арасында «сыбайлас жемқорлықты алдын алу» тақырыбында сынып сағаттары, желтоқсан айында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында бейне роликтер көрсетіліп, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік.
4.Зорлық-зомбылықтың алдын алу бағыты бойынша қыркүйек айында ұлдар және қыздар кеңесінің жиналысы өткізіліп, жиналыс барысында «Жыныстық құқыққа қол сұғылмаушылықты қалыптастыру, ар намысын сақтау мақсатында ҚР тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы 2009 жылғы 4 желтоқсандығы №214-ІҮ заңына түсіндіру жұмыстарын жүгізді. Жамбыл обылысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының №338/551-Ө бұйрығына сәйкес қыркүйек айының 9-10 күндері «Қотыр,жұқпалы тері және бит,сірке ауруларының алдын алу» іс-шарасы бойынша өткізілетін айлықтың аясында және «Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» КММ басшысының жіберген 8.09.2016 күнгі №1380 хатын басшылыққа ала отырып,1-11 сынып оқушыларына медециналық тексеру өткізілді.Мектепшілік комиссия құрылды.Медециналық тексеру мектеп ғимаратындағы медециналық бөлмеде жүргізілді.Медециналық тексеруден өткен оқушылардың жалпы саны -356.
1-4 сыныптар-158 оқушы; 79 ұл- 82 қыз
5-9 сыныптар-163 оқушы;76 ұл-87 қыз
10-11 сыныптар-25 оқушы; 8 ұл-7 қыз
Оқушыларды медециналық тексеру кезінде әр түрлі келеңсіз жағдайлардың туындамауын мектеп психологы Бегаулова Айгүл және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Сыздықова қадағалады.1-11 сыныптың жетекшілері оқушылармен бірге жауапты тұлға ретінде қатыстырылды.
Медециналық бақылау нәтежиесі бойынша;
1.Қотыр,жұқпалы тері аурулары анықталған жоқ,
2.Бит,сіркесі бар оқушылар кездескен жоқ,
9-11 сыныптың қыз балаларының бетінде,денесінде жүктілікке байланысты болатын белгілер анықталған жоқ.
Қараша айында Отбасы жағдайы төмен оқушылардың үйіне рейд жасалынды. Рейд барысында қатыгездікке душар болған отбасы және оқушы анықталған жоқ. Желтоқсан айында «Үкілім-ай» қыздар клубының жетекшісі Абдикаримова Лязизаның ұйымдастыруымен 8-10 сынып оқушылары арасында «Зорлық зомбылықсыз өмір» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілсе, Мектеп психологы Бегаулова А «Зорлықсыз балалық шақ» атты жасөспірімдерге арналған сауалнамалар алынып, қорытынды нәтижелері шығарылды.
5.Құқықтық білім беру. Құқықтық кеңес мектебінің жетекшісі Оспанова Құралай жетекшілік етеді.Құқықтық білім беру үш сала бойынша жүзеге асырылады. І. Оқушыларға арналған.ІІ Ата-аналарға арналған.ІІІ педагогтарға арналған.
Мақсаты: құқықтық сауаттылығын арттыру.
Педагогтар арасында тоқсан сайын бір рет құқықтық білім беріліп отырады. Қазан айында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңына» лекция, желтоқсан айында «Діни экстремизммен терроризмнің алдын алу» мақсатында «Діни қызмет және Діни бірлестіктер туралы» Заңына түсіндіру жұмыстарын жүргізді, оқушылар арасында әр ай сайын құқықтық насихат жұмыстарын жүргізіп отырады. Арнайы жоспар бойынша жұмыстар жасалып, өз дәрежесінде атқарылуда.
Ұсыныс:
Оқушылардың құқықтық білімін арттыру мақсатында Сынып жетекшілер арнайы он күндік іс-шаралар ұйымдастырылсын.
Анықтаманы дайындаған
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Г.Сыздықова