"Қамқоршылық кеңес құру туралы" педагогикалық кеңестің хаттамасы » Жамбылская область Сарысуйский районс.Саудакент сш. им. Байкадама Кашкинбаева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Cарысу ауданы білім бөлімінің
«Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 342-12-58
Есепші бөлімі:
+7 (775) 456-96-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Қамқоршылық кеңес құру туралы" педагогикалық кеңестің хаттамасы
24
декабрь
2018

"Қамқоршылық кеңес құру туралы" педагогикалық кеңестің хаттамасы

[center][/center]
 Көшірме
Кезектен тыс педагогикалық кеңес хаттамасы №3

Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі

21.12.2018 жыл

 Кеңес төрағасы: мектеп директорының
 міндетін атқарушы Ж.Иманбеков
 Кеңес хатшысы: Толқынбекова А.
 Кеңес мүшелерінің саны: 65
 Қатысқаны: 61


 Күн тәртібінде:

1.Қ.Р Білім және ғылым министрлігінің 2017ж 27 шілдедегі №355 бұйрығымен, ережесімен таныстыру
2. Мектептегі «Қамқоршылық кеңестің» құрамын сайлау
3.Қамқоршылық кеңес төрағасы мен хатшысын сайлау

 Тыңдалды:

 Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі директорының міндетін уақытша атқарушы Ж.Иманбеков сөз алып, Қ.Р Білім және Ғылым министрлінің 2017 ж 27 шілдедегі №355 бұйрығын және Сарысу ауданық білім бөлімінің 14.12.2018жылғы №4370 шығыс хатын басшылыққа ала отырып, білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру, және оны сайлау тәртінің үлгілік қағидаларымен таныстырды.
 Қамқоршылық кеңестің құрамын тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органы бекітеді және қамқоршылық кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстарының негізінде қалыптастырылатынын айтып өтті. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ, бір – бірімен және сол ұйымның басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынасы жоқ кемінде тоғыз адамнан құралып, өкілеттік мерзімі 1 жыл болатынын, сонымен қатар педагогикалық кеңестің шешімімен 9 адам ұсынылғанын хабарлады.
 Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша әлеуметтік педагог Қ.Оспанова сөз алып, кеңес мүшелерінің келісім хатымен таныстырып, ережені талқылап берді. Қамқоршылық кеңес мүшелері болып №355 бұйрықтың 7 тармақшасына сәйкес, әр мекемеден және ата –аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан ұсынылған төмендегі азаматтар келісім парағына қол қойды.
1.Қ.Р Білім және Ғылым министрлігінің 2017 ж 27 шілдедегі №355 бұйрығымен мектептегі қамқоршылық кеңес өз жұмысын қолға алсын.
2.Ережеге сәйкес қамқоршылық кеңес құрамына төмендегі кісілер қабылдансын:
•Төлеутай Мақсат – Байқадам ауылдық округі әкімінің орынбасары
•Абишев Мыңбай – Сарысу аудандық мәслихат депутаты
•Оспанбеков Қамбар – Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі жанындағы интернат меңгерушісі
•Кариева маржан – жеке кәсіпкер
•Көмекбаев Абай – ата –ана
•Алиева жанар – ата ана
•Дүйсембаева Алуа – ата – ана
•Хасанов Даулет – ІІБ ЖПҚ,ЮПТ полиция лейтенанты
•Султанова Гулира – Саудакент ауылдық емханасының меңгерушісі

 Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңес мүшелері кеңес отырысында ашық дауыс беру жолымен дауыстар басымдылығымен байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі жанындағы интернат үйі меңгерушісі Оспанбеков Қамбарды қамқоршылық кеңес ұйымының төрағасы етіп және жеке кәсіпкер Кариева Маржанды кеңестің хатшысы етіп сайлады.

Педагогикалық кеңес шешім етеді:

1Қ.Р Білім және Ғылым министрлігінің 2017 ж 27 шілдедегі №355 бұйрығы негізінде мектептегі қамқоршылық кеңес өз жұмысын қолға алсын.
2Ережеге сәйкес қамқоршылық кеңес құрамына төмендегі кісілер қабылданып, аудандық білім бөліміне ұсынылсын:
•Төлеутай Мақсат – Байқадам ауылдық округі әкімінің орынбасары
•Абишев Мыңбай – Сарысу аудандық мәслихат депутаты
•Оспанбеков Қамбар – Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі жанындағы интернат меңгерушісі
•Кариева маржан – жеке кәсіпкер
•Көмекбаев Абай – ата –ана
•Алиева жанар – ата ана
•Дүйсембаева Алуа – ата – ана
•Хасанов Даулет – ІІБ ЖПҚ,ЮПТ полиция лейтенанты
•Султанова Гулира – Саудакент ауылдық емханасының меңгерушісі

 3. Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі жанындағы интернат үйі меңгерушісі Оспанбеков Қамбар қамқоршылық кеңес ұйымының төрағасы және Кариева Маржан кеңестің хатшысы болып сайлансын.






Педагогикалық кеңес төрағасы: Ж.Иманбеков



 Хатшы: Толқынбекова А
















Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив