«Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстың алдын алу» тақырыбындағы кездесу өтті. » Жамбылская область Сарысуйский районс.Саудакент сш. им. Байкадама Кашкинбаева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Cарысу ауданы білім бөлімінің
«Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 342-12-58
Есепші бөлімі:
+7 (775) 456-96-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстың алдын алу» тақырыбындағы кездесу өтті.
16
январь
2024

«Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстың алдын алу» тақырыбындағы кездесу өтті.

Мерзімі: 16.01.2024 жыл
Мақасаты: Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылыұты алдын алу
Біртұтас тәрбие беру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Г.Сыздықова мен М.Дариябековтың ұйымдастыруымен кездесу өткізілді. Кездесу барсында 8-11сынып оқушыларына«Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстың алдын алу» тақырыбында баяндама оқылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Г.Сыздықова   - қәзіргі таңда  жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың белең алуына байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жүргізілген іс-шара туралы жан-жақты талдаулар жасап,өмірде болып жатқан оқыс оқиғаларды ,аудандық ішкі істер бөлімінде тіркеуде тұрған балалардың  іс-әрекеті, қәзіргі таңда аудандық есепте тұрған жайсыз отбасы балалары тіркеуде отырғанын айтып өтті.
Сонымен қатар М.Дариябеков- жеке тұлғаның адамгершілік құқықтық қасиеттерін қалыптастыру,әлеуметтік,азаматтық, әділдік ұғымын орнату,заңдылық пен тәртіп қорғауды қамтамасыз ету мақсатында түсініктеме жұмыстарын жүргізді.Жасөспірімдер арасында бопсалау, әлімжетік әрекетерге барудың алдын алу  мақсатында профилактикалық жұмыстарды үнемі жүргізіп, отыру керектігін ескертті. жүйкеге әсер ететін зиянды заттардан аулақ болуды қатаң түрде оқушыларға ескертіп, ата-аналарға   беймізгіл уақытта жасөспірімдер қоғамдық орындарда жүруге болмайтындығын жіті түсіндіріп ескертулер айтты.  
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Жасөспірімдер арасында  құқық бұзушлықпен зорлық зомбылықтың, ерте жүктіліктің, кибербулингтің,суйцидтің алдын алуда психологиялық жұмыстың түрлері» тақырыбында  мектеп психологы Б.Жақсыпейілова  хабарлама жасады.
Ол өз хабарламасында қазіргі қоғамды толғандыратын үлкен мәселенің бірі суицид, әлімжеттік, бопсалау мәселелері белең алуда, «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің  алдын-алу» бағытындағы профилактикалық  шаралар туралы айтып, өзіне- өзі қол жұмсау өсуде, қиын жағдайлар орын алуда. Көбінесе өз – өзіне қол жұмсау әрекеттерінің  80 пайызы күндізгі, болмаса кешкі уақытта қасында көмек көрсететіндей мүмкіндік бар  ортада жасалады. Бұл – баланың өмір сүру қажеттілігінің  белгісі.  Баланың жан дүниесін дұрыс түсініп,жастықпен ағат істеген қателіктерін аяқсыз қалдырмай,жөнсіздігін өзіне айтып сақтандыру,ұлы адамдардың өмірлерін үлгі ете отырып дұрыс жол көрсету-ең алдымен,ата-ана борышы. Бала сізден өз ойын,сырын жасырмауын қадағалау қажет. Ол үшін мектептегі өмірін,ауыл арасындағ,ы бірге ойнайтын жолдастарымен қарым-қатынасын жақсы білу,жолдастарын үйге ертіп келген кезде жылы жүзбен қарсы алу керек. Мектеп жасындағы баланың мектеп жұмыстарына ,пән үйірмелеріне белсене қатысуына ықпал жасауы да ата-ананың назарына тыс қалмауы тиіс деп санаймын.  Статистикалық есеп бойынша осындай іс- әрекетке барудың 90 пайызы отбасы мәселесіне байланысты. Біздің елімізде ата-анамен мектептің алдында қойған мақсат-жас ұрпаққа берілетін тәрбиені,адамгершілік қасиетті біліммен ұштастыра білу. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін ата-ана көп оқып,көп іздену қажет.Өздері балаға үлгі боларлықтай дәрежеге көтерілуі тиіс. Бірақ жауапкершілік мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен мектеп психологтарына  жүктеледі және солардан талап етіледі. Кездескен осындай жағдайларға түсіністікпен қарап, ол баланың жан дүниесіне үңіліп, сыр бөлісуіміз керек. Бала бойында осындай өзгерістер байқалса, мектеп психолгтеріне немесе құқық қорғау органдарына хабардар ету керек екенін ескертті.-жасөспірімдердің ерте жыныстық,ерте жүктілік факторлары жиіленіп бара жатқанын айтып өтті. Статистикаға сүйене отырып мәлімет жасады.
Г.Сыздықова -қазіргі заманауи қоғамда жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің саны жыл сайын артып отырғандығын айтты. «Бұндай жағдайға душар болып отырғандар отбасының бақылауының төмендігі мен ерте есею жағдайы әсер етуде.Жасөспірімдер болашақта жақсы ана болуы керек. Ол үшін ана тәрбиесі аса қажет.Баланы болашаққа бағдарлау және дайындау отбасындағы тәрбиенің үлесі. Мектеп қабырғасында жүріп,ерте жүктілікке ұшырау, өз өміріне қиянат жасап отырған жасөспімдердің бар екенінде ескертті. Оқушыларға Ата-аналармен ,сынып жетекшілерімен  тығыз байланыс жұмыстары жүргізілуі керек, қыз баланың абройын сақтау үлкен жауаптылықты талап етеді. «Қыз абыройы-ел абыройы» деп қазақ халқы бекер айтпаған.Сабақтан себепсіз қалған оқушылардың  ата-аналарымен байланыс жасап,сабақтан қалу себебін анықтауды тапсырды.Сонымен қатар қыз балаларды жылына екір рет скрингтен өткізу міндетті екенін ескертті.Қазіргі кезде сабақтан көп қалатын және түнгі көңіл көтеретін орындарда жұмыс істейтін қыздардың бар екенінде  айтты. Жалпы мұндай жағдайға түрткі болатын түнде кафе-ресторандарда жұмыс істейтін оқушылар.Күнделікті тәрбие жұмысы үздіксіз жүргізіліп отырса және ата-ана,бала мектеп байланысын орнықтырса бұндай жағдайдың алдын алуға болады», деп қорытындылады. Кездесу барысында мектеп психологы қыздарға кеңестер айтып, тренинг жаттығуларын жасатты.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив