14
апрель
2023
Әкелер кеңесі өткізілді.
Сәуір айының он төрті күні Сарысу ауданы білім бөлімінің «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу» мақсатында бірлескен іс-шара жоспарына сәйкес Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Г.Сыздықова мен М.Дариябековтың ұйымдастыруымен «Ұл тәрбиесі- ұядан» тақырыбында әкелер кеңесі өткізілді. Әкелер» кеңесіне Жамбыл облыстық әкелер кеңесінің төрағасы Ильясов Қонысбай аға, Байқадам ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлмағамбетов Арқабай аға және Байқадам ауылдық окуругінің әкелер кеңесінің төрағасы Қажеков Дабыл аға, мектепішілік ата-аналар кеңесінің төрағасы Орынбеков Талғат Януарбекұлы және Сарысу ауданы білім бөлімінің әдіскері Бетаева Бота қатысты. «Әкелер кеңесін өткізудегі мақсат - «Әке мен бала» арасындағы қарым-қатынасты нығайту және бала тәрбиесіндегі әке рөлінің маңыздылығын айқындау. Сол сияқты бала үшін қауіпсіз ортаны құру және қолдау. Сонымен қатар отбасылық құндылықтарды сақтау және нығайтуға бағытталады»
Мектеп директоры Нурмаханова Лаура Игенқызы күн тәртібіндегі қаралатын мәселелермен таныстырып, қәзіргі қоғамдағы отбасындағы әкелердің рөлі қаншалықты маңызды рөл атқаратыны туралы айтып өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Сыздықова әкелермен «Ұл тәрбиесі-ұядан» тақырыбында коучинг өткізді. Коучинг барысында «Әкенің қоғамдағы рөлі қандай?», «Отбасының басты негізгі құндылықтары», «Қәзіргі қоғамда болып жатқан әлімжеттік, зорлық зомбылық, бопсалау дегендерге кімдер кәнілі, оның алдын алу қандай жолдары бар?» тақырыбында өзекті мәселер қозғалып, коучинг барысында өзара пікірлер алмасты. Сарысу ауданы білім бөлімінің әдіскері Бетаева Бота ауданда болып жатқан құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарына тоқталып, әкелерге ақыл-кеңестер айтты.
Облыстық әкелер кеңесінің төрағасы Илясов Қонысбай аға -«Бір әкенің тәрбиесін - жүз мектепте бере алмас»- деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Сол себепті де бала тәрбиесін халқымыздың ежелгі озық дәстүрлерін негізге ала отыру керек. Бұрындары әкенің қас қабағынан, қаһарынан сескеніп өскен балалар әкенің қадір - қасиетін жақсы білетін Балаға әкесінен қорыққандықтан емес, әкенің отбасындағы басты адам екенін сезініп, ер азамат ретінде көретін. Сол себепті қәзіргі таңда бала тәрбиесіне аса мән беріліп, мектеппен отбасы тығыз байланыс жасап, әке мен ана бала тәрбиесіне бірлесе отырып көңіл бөлу керек, Мектептегі ұстаздар тәрбие мен білімді ұштастыра отырып тәрбиелесе, ата-аналар рухани ұлттық құндылықтарды бойына сіңдере білу керек деді.
Байқадам ауылдық округінің әкелер кеңесінің төрағасы Қажеков Дабыл аға -қоғамда болып жатқан жасөпірімдер арасындағы қылмыс пен өрескел әрекеттерге тікелей ата-аналырдың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігінің жоқтығынан деп білемін.Себебі үнемі жұмыс басты ата-аналар өз баласының тәрбиесін екінші орынға сырып, күн көріс қамымен жүріп жатыр. Бақылаусыз кеткен балалар әлім жеттік көрсетіп, зорлыө-зомбылық жасап, біреулердің өміріне зиян келтіруде. Осындай фактілерді болдырмау мақсатында үнемі мектеппен байланыс жасап, бала тәрби есіне әке мен ана бірдей көңіл бөліп, бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау керек деп ұсыныс айтты.
Байқадам ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлмағамбетов Архабай аға- балалардың әкеден тәрбие алған қазақ баласының әкеге деген құрметі үнемі арта түскен Бала тәрбиесіне тікелей көңіл бөліп, Әкенің қас қабығына қарап өскен бала. Еш қандай құқық бұзушылыққа бармайды. Сол себепті әкенің қатал тәртібі қәзіргі таңда ең керек мәселе деді.
Осылайша әкеден тәрбие алған қазақ баласының жаман болмасы анық. Әкелеріміздің амандығын, өсіріп жеткізген балаларының қызығын көруге нәсіп еткізсін. Бар баланың бақытына бір Алладан кейінгі панасы «Әкелер» аман болса екен деймін деп бүгінгі кеңеске қатысқан әкелерге алғыс білдірді.