16
ноябрь
2023
«Дауылпаз ақын-ел мақтанышы» тақырыбында жоба байқауы өткізілді.
06.11 .2023 жыл «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Дауылпаз ақын-ел мақтанышы» тақырыбында жоба байқауы өткізілді.
Мақсаты: ХІХ ғасырдың бірінші жартысында сұрапыл жырлармен халықты күреске шақырып үндеген Махамбеттің ақындық дарының өлеңдері арқылы оқушыларға түсіндіре отырып, өлеңмен ой салып, халық санасын оятуға күш салған ерекше қасиетін оқушы бойына дарыту.
Тарих пәнінің мұғалімі Умирбаева Гулзираның ұйымдастыруымен 8-9 сынып оқушылары арасында Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына арналған «Дауылпаз ақын ел мақтанышы» тақырыбында жоба байқауы өткізілді. Жобаның мақсаты: Махамбеттің ақындық дарының өлеңдері арқылы оқушыларға түсіндіре отырып, өлеңмен ой салып, халық санасын оятуға күш салған ерекше қасиетін оқушы бойына дарыту.
Жоба барысында білім алушылар , қоғам қайраткері, шаруалар қозғалысының күрескері әрі ақын Махамбет Өтемісұлының өмірбаяны, елі мен халқы үшін істеген ерен еңбектері, ақынның өлеңдерінің шығу тарихынан мағлұматтар берілді.
Махамбет Өтемісұлы – 1803 жылы, қазіргі Гурьев пен Орал облыстарына қарасты Нарын құмында шағын шаруа отбасында дүниге келген. Ағасы – Бекмұхамбет хан сарайына жақын, Жәңгір ханның сенімді биі болған және хан жағында болып көтеріліске қарсы күрескен.
1803-1840 жылдар аралығында өмір сүрген ақын езілген елдің жоғын жоқтап, ар-намысын қорғаған күрескер. Ол Исатай Тайманов бастаған шаруалар қозғалысына бастан-аяқ қатынасқан, сол қозғалыстың ең бір табанды сарбазы, жалынды үгітшісі, өз кезеңінің ірі қоғам қайраткері болды.
Махамбет ел тарыққан заманда одан шығар жолда батыл күрестен тауып, жауына қарсы қол бастаған қамқоршы, әрі батыр, әрі ақын болды. Халық бақыты мен ел мүддесі үшін күрескен Махамбеттей жалынды ақын өлеңі өмір шындығынан аулақ болуы мүмкін де емес еді.
Махамбет – қазақ әдебиетінде ең бірінші болып хан-сұлтандарға қарсы халық қозғалысын батыл да ашық айтқан ақын. Оларды халыққа жармасқан албасты, аяусыз талап жатқан қасқыр, шағып жатқан қара шұбар жылан, айыр құйрық шаян бейнесінде суреттеген ақынның өлеңдері оқушылардың мәнерлеп орындауында тыңдалып, тақырыпқа арналған бейне-көрсетілім экраннан көрсетілді.
Пән мұғалімі Умирбаева Гулзира бүгінгі жоба байқауына қатысқан білім алушыларға алғысын білдіріп,
Махамбеттің орысша, мұсылманша сауатты адам болғанын зертеген тарихшылар «Махамбеттің 1939 жылғы елде қалған жолдастарына жазған хаты және 1845 жылғы Орынбор шекара комиссиясына баласы Нұрсұлтанды оқуға алуын сұрап, өз қолымен жазып жолдаған арызы сақталғаны» жайында дәлелдер келтірген екен. Бұл пікірлерден Махамбеттің жан-жақты, өте білімді ақын, елін сүйген күрескер болғанын байқаймыз- деп қорытындылады .