24
декабрь
2021
Армандаған мамандықтар» тақырыбында жоба байқауы өткізілді.
- Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша «Еңбек елдің мұраты» жобасы аясында «Армандаған мамандықтар» тақырыбында өткізілген жоба байқауы туралы
- Анықтама
Мақсаты: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту.
Осы мақсатта желтоқсан айының 24 күні 9-11 сынып оқушылары арасында «Армандаған мамандықтар» тақырыбында байқау өткізілді. 9-11 сынып оқушылары өздерінің сүйікті мамандықтары бойынша презентация қорғап, болашақта негізіг керекті мамндықтарға тоқталып өтті. Әр оқушы қәзіргі таңда қоғамға пайдасы бар және болашақта өз таңдаған мамандықтарын сүе отырып жұмыс жасау басты міндет екенін айтып өтті.
11 сынып оқушысы Жахай Жанель өз жобасында- Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтар аясында өз жобасын қорғап, оқушылармен пікір алмасты. Оқушыларға директордың бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары Ж.Иманбеков- Мектеп оқушыларының көбісі болашақта кім болғысы келетіні туралы нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе деді.
Көптеген жоғары сынып оқушылары өздерінің іскерліктері мен қабілеттерін дұрыс тани алмай, мамандық таңдауда көптеген кедергілерге ұшырайды.
9 -11 сынып оқушыларының алдында тұрған басты мәселе - болашақ мамандығын таңдау. Ал мамандықты дұрыс таңдау - ол өмір жолының сәттілігінің негізі деп оқушыларға дұрыс кеңестер берді.