"Сәкен - қазақ әдебиетінің ақ сұңқары" әдеби кеш өткізілді. » Жамбылская область Сарысуйский районс.Саудакент сш. им. Байкадама Кашкинбаева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Cарысу ауданы білім бөлімінің
«Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 342-12-58
Есепші бөлімі:
+7 (775) 456-96-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Сәкен - қазақ әдебиетінің ақ сұңқары" әдеби кеш өткізілді.
03
октябрь
2023

"Сәкен - қазақ әдебиетінің ақ сұңқары" әдеби кеш өткізілді.

03.10.2023жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Cәкен Сейфулиннің 130 жылдығына орай «Сәкен- қазақ  әдебиетінің ақ сұңқары » атты өткізілген әдеби кеш өткізілді.
Мақсаты: Ақын шығармаларының өміршеңдігін көпшілікке таныту, оқырмандардың шығармашылық қабілетін жетілдіру,қазақ халқының зиялыларының бірі С.Сейфуллин жайлы оқушыларға мағлұмат беру.С.Сейфуллин есімін құрметтеуге,ұмытпауға тәрбиелеу.
     Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша биыл мемлекет қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын-жазушы Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130  жыл толуына байланысты «Сәкен қазақ әдебиетінің ақ сұңқары» тақырыбында әдеби кеш ұйымдастырылды. XX ғасырдағы қазақ поэзиясын жаңа түр, тың мазмұнмен байытқан ақиық ақын, ірі мемлекет қайраткері, сарабдал жазушы, драматург, әдебиет зерттеушісі, республика қаламгерлерінің бетке ұстар беделді серкесі, осыларға сал - серілігі мен сирек ұшырасатын сымбаттылығы қосылып, көзінің тірісінде - ақ аңызға айналған. Әдеби кеш барыссында 5-10 сыныптың оқушылары   домбырамен күй шырқап, ән мен мың бұралған биші қыздарымыз қатысып, өнер көрсетті. Ақынның шығармаларын мәнеріне келтіріп орындап шыққан оқушыларды  атап айтар болсам 5 сынып оқушысы Ермекбай,   Нұрмұхаммед, Құралбек Айзере және 6 сынып оқушысы Сембекқызы  Кәусар   қатысып ерекше көзге түсті, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Сыздықова жеңімпаз оқушыларды мадақтама граммоталарымен марапаттады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив