08
январь
2024
"Жыр құлагері" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінде оқушылар арасында "Жыр құлагері" тақырыбында І. Жансүгіровтың туғанына 130 жыл толуына орай дөңгелек үстел өткізілді.
Қазақ әдебиетінің ұлы керуенінің алдыңғы сапынан көрінетін ақын өзінің қысқа өмірінде ұлтына мол мұра қалдырып кетті. Қазақтың рухани қазынасына кең тынысты өлеңдерін, поэмаларын, аудармаларын, драмалық туындыларын қосып, өзі де жарық жұлдызға айналды.Жыр Құлагері дегенде есіңе еріксіз Ілияс Жансүгіров түседі. Ақынның өлең өлкесіндегі шабысы да, өмір жолы – тағдырының күрт үзілуі де Ақан серінің арғымағы Құлагерден аумайды. Құлагер ғұмыр ақынның Батырашы қызыл империяның ұрда-жық, солақай саясаты болды