19
апрель
2021
Мектебімізде " Жырлайды жүрек " атты челлендж өтті.
Қазақтың Хантәңірі атанған Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай 9-10 сыныптар арасында «Жырлайды жүрек»атты челлендж өткізіліп, оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды.Шараның мақсаты оқушыларға Мұқағали өлеңдерін насихаттау, ақын өлеңдерінің қазақ поэзиясындағы айтарлықтай құбылыс екендігімен таныстыру. Алаштың ақиық ақыны, ғасырда бір туатын дара дарын М.Мақатаевтың туған күнін барша жұрт атап өтуде. Өйткені Мұқағали -күллі қазақтың мақтанышы. Оқушылар ақынның шығармашылығымен таныса отырып, ақын жырларының, ірі сөз зергерінің болмысы бөлек әлем екенін тағы да бір зерделей, тағы бір салиқалы ой жіберді. Қазақ поэзиясының патшайымы Ф.Оңғарсынова былай деген:
М.Мақатаев-қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық басты жанашыры болған суреткер.
Ол ең алдымен ақын, қазақ жырының құдіреті.
М.Мақатаев-қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық басты жанашыры болған суреткер.
Ол ең алдымен ақын, қазақ жырының құдіреті.