23
сентябрь
2023
23.09.2023 жылы«Біртұтас тәрбие беру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектеп кітапханашысы Байтанова Фатиманың ұйымдастыруымен сынып сағаты өткізілді.
23.09.2023 жылы«Біртұтас тәрбие беру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектеп кітапханашысы Байтанова Фатиманың ұйымдастыруымен сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты барысында Мәңгілік ақ қар жамылған асқар шыңдары, ал етегінде ағысы асаудай тулап жатқан Бұқтырма өзені бар, қазақ Алтайының киелі топырағында дүниеге келіп, аса дарынды талантымен барша қауымды таңғалдырған, Қатонқарағай ауданының «Құрметті азаматы», Қазақ ССР Мемлекеттік Абай сыйлығының, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың, «Молодая гвардия«Жалын» баспалары сыйлығының лауреаты, «Құрмет белгісі» орденінің иегері жазушы, драматург Оралхан Бөкейдің туғанына биыл 80 жыл толып отырғанын айтып, қысқа ғана ғұмырында Осы бір есім қазақ әдебиетінде небәрі 25-26 жыл ғана өмір сүріпті. Сол аз ғана ғұмырдың ішінде ол қазақ әдебиетінін аспанында құс жолындай айқын із қалдырғанын айтып түсіндірді. Оқушылар ақын-жазушының шығармаларынан үзінді оқып, пікірлер алмасты.
