21
май
2021
Кенеден сақ болыңыз!!!!!
Кенелер - өрмекші тәріздестерге жататын жәндіктердің бір түрі. Олардың ішінде кейбіреулері ауыл шаруашылығына орасан зор зиян келтірсе, ал кейбір зиянкестің табиғи жауы ретінде көптеген пайдалы жақтары да бар. Паразитті түрлерінің ішінде түрлі жан-жануарлардың денесіне жабысып, қанын сорып тіршілік ететіндері және көптеген жұқпалы ауруларды таратушылары да бар. Солардың бір тобы – иксодид кенелері.
Иксодид - елімізде кездесетін кенелердің ішіндегі ең ірісі. Толық жетілген ересек аналық кенелердің тұрқы небәрі – 3мм. Бұлардың бәрі – сүтқоректі жануарлар мен жұмыртқаға ұқсас сопақша болады. Түстері ақшыл қоңыр немесе қара түсті. Тұмсықтары қан соруға өте жақсы бейімделген. Дене жабындысының қан сору кезінде созылып, үлкейетін қасиеті бар. Дене сыртын сірқабықпен (кутикула) түзілген қалқаншалар жауып тұрады. Ересек кенелердің жақсы жетілген 4 жұп аяғы бар. Солар арқылы белгілі бір денеге «кенеше жабысады». Кенелердің дамуы негізгі 4 кезеңнен тұрады: жұмыртқа, дернәсіл, нимфа және ересек кене. Иксодид кенелерінің ішінде көктемгі энцефалит ауруының вирусын тарататын қауіпті түрлері бар. Кененің бұл түрінің аш кездегі дене тұрқы – 4 мм, ал қан сорған кезде 11 мм - ге дейін ұлғаяды. Сопақша арқасындағы қара қоңыр қалқаншасы жылтырап тұрады, ал аяғында өткір тісшелер болады. Қазақстанда воофилус калкаратус кенесі де кездеседі. Бұлардың басқа кенелерге қарағанда бір айырмашылығы – өсіп, жетілуі бір ғана жануардың немесе ұсақ тышқандардың денесінде өтеді. Шөлде де, ылғалды жер мен өзен, көл жағаларында да тіршілік ете береді. Паразитиформды кенелер тегіне жататын кенелердің дене тұрқы ірі келеді. Олар жай көзбен жақсы көрінеді. Бұл кенелер жануарлар денесінде паразиттік жолмен тіршілік етеді. Сондай - ақ олар түрлі аурулардың қоздырғыштарын тасымалдайды. Иксодид немесе жайылым кенелері. Денесі – идиосома, кененің даму сатысына және қанға тою дәрежесіне байланысты пішіні мен тұрқы өзгеріп тұрады. Аш кененің денесі жалпақтау, ал тойынғанда сопайып дөңгеленеді. Арбовирустық жұқпалардың алдын алу шаралары.
1. Туляремия – зооноздық табиғи - ошақты аса қауіпті ауру. Бұл ауруды табиғатта таратушылар – кеміргіштер мен иксодты кенелер болып табылады.
Адамға жұғу жолдары:
- трансмиссивті – кенелер, масалар, бүргелер шағуы арқылы
- қарым - қатынас – тері арқылы ауру кеміргіштердің терісін алған кезде
- фекальды - оральды – ауру кеміргіштердің нәжістерімен зақымданған суды ішкенде
- аспирационды және алиментарлы – ауру кеміргіштердің нәжістерімен зақымданған көкөністер, азық-түліктерді пайдалану, ауланы сыпыру, қораны тазалау, шөптер, азықтар, (шаң-тозаң) арқылы. Туляремия ауруының белгілері: безгек, бас пен буын ауруы, жалпы әлсіздік.
Кене энцефалитінің белгілері – инфекция тарататын кене шаққан жерде вирус көбейеді. Бірақ шаққан жерде еш өзгеріс байқалмайды. Содан кейін лимфа түйіндер мен қанға өтеді. Вирус жаппай көбейген кезде тұмау тигенде болатын белгілерге ұқсас белгілер көріне бастайды. Осыдан кейін орталық жүйке жүйесінің зақымдану белгілері байқалады. Кене энцефалитінің белгілері 7 - 10 күнде, кейде 21 күннің ішінде көрінеді. Зақымдану ауырлығына байланысты кене энцефалиті бірнеше түрге бөлінеді.
Ауру температураның 38 - 40 С көтерілуімен, дененің сырқырауымен, қалшылдауымен біліне бастайды. Орталық жүйке жүйесі зақымданған болса, дененің қызуымен қатар, бас ауруы, құсу, жарыққа қарай алмау және өзге де белгілер байқалады. Бұдан ауыр зақымданған жағдайда естен танады, психологиялық бұзылыстар, құрысу мен сал болып қалады.
Малға жабысқан кенелерді жою үшін акарицид дәрілерді бүрку арқылы немесе сол дәрілермен тоғыту арқылы дәрілеу жұмысы жүргізіледі.
Кене малдың үстінде болатындығын ескере отырып, малды күту барысында сақтық ережелерін орындау керек.
• Малдағы кенені қолмен жұлуға, оны езіп өлтіруге болмайды.
• Табиғат аясында демалғанда кенеден сақтану керек, денені және киімдерді көзбен, қолмен сипап тексеру керек.
• Кене шаққан жағдайда тез арада дәрігерге көріну керек.
• Денеге жабысқан кенені өзіңіз алған болсаңыз, келесі ережелерді сақтау қажет:
• Кене жабысқан жерге сұйық май тамызып, кенені тұмсық тұсынан қысып, алу керек. Ал, кенені қақпақты шыны ыдысқа салып, емханаға алып барыңыз (зертханалық тексеру жүргізу үшін).
• Кененің шаққан жерін міндетті түрде йодпен залалсыздандыру қажет.
• 14 күнге дейін дәрігердің бақылауында болу керек.