Кенеден сақ болыңыздар!! » Жамбылская область Сарысуйский районс.Саудакент сш. им. Байкадама Кашкинбаева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Cарысу ауданы білім бөлімінің
«Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 342-12-58
Есепші бөлімі:
+7 (775) 456-96-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кенеден сақ болыңыздар!!
06
апрель
2019

Кенеден сақ болыңыздар!!

Көктем шығып табиғат ұйқысынан оянуымен қатар қоршаған ортада, түрлi жұқпалы ауруларды тарататын жәндiктердiң де белсендiлiгi арта түседi. Солардың бiрi - кене. Кененiң шағуы арқылы берiлетiн жұқпалы аурулар басым жағдайда жыл мезгiлiнiң көктем-жаз айларына тиесiлi. Негiзiнен ауылдық жердiң тұрғындары ауыратын болса, қалалық тұрғындардан мал ұстайтын не болмаса, саяжайда демалған уақыттарда аталмыш аурумен науқастанады.
Қаһарлы қыстан жан сауғалап шыққан аш кенелер күннiң көзi жылысымен, жылу қанды жан-жануарларға шабуыл жасайды. Яғни, олардың iшiнде үй жануарлары және адамдарда бар. Кененiң шағуын үнемi байқау мүмкiн емес. Өйткенi кене өз денесiнен арнайы ферменттер бөлiп, шаққан орнын көп жағдайда бiлдiрмеуге тырысады. Тұмсығын терi қабатына енгiзген кене, майда қан тамырларынан қоректене бастайды. Сол жерде тойған мезетте бiрнеше мың жұмыртқаларын терi астына тастап, сол мезеттен бастап ауру белгiлерiн шақыра бастайды.
Аурудың негiзгi белгiлерi :
- кененiң шаққан жерiнiң iсiнiп ауыруы, iрiңдеуi;
- кене шаққан жердiң маңындағы лимфа түйiндерiнiң үлкейiп ауыруы;
- дене қызуының көтерiлiп, адам ағзасының жалпы улану белгiлерiнiң пайда болып, күшейе түсуi, (бас ауруы, әлсiздiк, енжарлық, тәбетiнiң төмендеуi т.б.) Осы белгiлер пайда бола болған жағдайда, кешiкпей дәрiгер көмегiне жүгiнген абзал.
Денеге жабысқан кененi өз бетiңiзше жұлып алатын болсаңыз, келесi ережелердi сақтау қажет:
1. Кене жабысқан жерге сұйық май тамызып пинцетпен абайлап кененi тұмсық тұсынан қысып шайқай отырып ырғап алу керек. Бiр мезетте жұлып алған жағдайда кененiң тұмсығы терi астында қалып қояды. Соның салдарынан жергiлiктi жер iрiңдеп, қабыну белгiлерi пайда болып қолайсыз жағдайлар туғызады.
2. Кененiң шыққан орнын мiндеттi түрде йодпен залалсыздандыру.
3. Тез арада дәрiгердiң көмегiне жүгiну керек.
    
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив