06
апрель
2019
Кене энцефалиті туралы ақпарат
Кене энцефалиті (encephalіtіs acarіnarum) – кене арқылы тарайтын, миқабынуын және орталық жүйке қабынуын тудырып, орталық жүйке жүйесін қатты зақымдайтын, жедел өтетін жұқпалы ауру. Кейде Кене энцефалитін табиғи-ошақты тайгалық энцефалит, көктемгі-жаздық энцефалит деп те атайды. Кене энцефалитінің вирусын Ресей ғалымдары Л.А. Зильбер, Е.Н. Левкович, т.б. Шығыс Сібірде ауруға шалдыққан адамдардың қанынан тапқан (1937). Бұл індет, негізінен, тайга кенесі (Ixodes persulcatus) мекендейтін орман-тоғайлы жерлерде, Қазақстанда Алтай, Қаратау, Күнгей Алатауы бөктеріндегі орманды аймақтарда кездеседі.
Ауру жоғары латенттілікпен сипатталады, 25-30% құрайды. Ауырғаннан кейін орталық жүйке-жүйесінде келесі органикалық өзгерістер байқалады:

Dermacentor silvarum тасымалдаушы кенесі, аталығы
Ішкі ағзалар бойынша: ЖҚЖ: тахикардия және брадикардия, гипотония, жүрек тондары әлсіреуі мүмкін. Асқазан-ішек жолдары -тілі жиі ақ жабындымен жабылған, ішіне жел толып, нәжісінің болмауы. Кене энцефалиті кезінде дене қызуы 5-6 күн бойы көтеріледі, сирек 2 апта. Аурудың жеңіл ағымында қызба 2-3 күн болады. Перифериялық қан: нейтрофильді лейкоцитооз 10-20х109 л мөлшерінде, ЭТЖ жоғарлаған Әрбір клиникалық формалар үшін белгілі бір клиникалық белгілер тән. Қызбалық формасы жалпы аурулардың 40-60% кездеседі. Бұл формасы ағымы және болжамы бойынша оң нәтижелі. Негізгі симптомы-қызба, ол бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін сақталады. Кейде болуы мүмкін: ұмытшақтық, әлсіз және тез өтетін неврологиялық симптоматика Жалпы интоксикация синдромы әлсіз және орташа көрінеді. Менингеальды формасы науқастардың 40-60% кездеседі және интоксикация синдромы кезінде серозды менингиттің дамуымен сипатталады. Клиникасында менингеальды синдром және ликвордың өзгерісі байқалады:
Ауру жоғары латенттілікпен сипатталады, 25-30% құрайды. Ауырғаннан кейін орталық жүйке-жүйесінде келесі органикалық өзгерістер байқалады:
- әлсіз салдану
- бұлшық ет атрофиясы
- дискинезия
- интелектің төмендеуі
- кейде эпилепсия

Dermacentor silvarum тасымалдаушы кенесі, аталығы
Мазмұны
- 1Этиология
- 2Эпидемиологияcы
- 3Патогенезi
- 4Патанатомиясы
- 5Клиникасы
- 6Диагноз қою
- 7Емі
- 8Кене энцефалитінен алдын ала сақтану жолдары
- 9Дереккөздер:
Этиология
Кене энцефалиті қоздырғышының құрамында РНК-сы бар вирус, флави-вирус (В тобы) тұқымдасына, арба-вирус (В тобы) этиологиялық тобының тога-вирус тұқымдасы. Вирус қоршаған ортада тұрақты. 1500-ден +300-ға дейінгі температура ауытқуларында өмір сүру қабілетін сақтайды. Кептіргенде және төменгі температурада өмір сүруін көп жылдар бойы сақтайды. Бірақ вирус қайнату кезінде тез жойылады (2 мин). Дезинфекция ерітіндісіне және УК-сәулеленуге төзімсіз. Вирустың 3 түрі ажыратылады: алыс шығыс энцефалит қоздырғышы, орталық Европалық энцефалит қоздырғышы, қос толқынды менинго-энцефалит қоздырғышы. Вирусқа нейротроптылық тән.Эпидемиологияcы
Кене энцефалиті энцефалит қоздырғышы үшін табиғи ошақ тән. Жұғу жолы трансмиссивті. Антропургиялық ошақтары пайда болуы мүмкін. Кене энцефалиті вирусының тасымалдаушысы және негізгі резервуары болып иксодо кенесі болып табылады. Қосымша резервуары кемірушілер және т.б. сүт қоректілердің 130 түрі. Олар:- кеміргіштер (қоян, кірпі, бурундук, егіс тышқаны)
- құстар
- жыртқыштар (қасқыр)
- үй жануарлары (сиыр, ешкі, қой)
Патогенезi
Вирустың кіру қақпасы-зақымдалған тері: алиментарлы шағу кезінде асқазан-ішек жолының шырышты қабықтары. Ену жерінде вирустың локальды көбеюі байқалады. Вирус қанға өтіп вирусемия және токсинемия дамиды, гематогенді және лимфогенді вирус, лимфа түйіндеріне, ішкі ағзаларға, ОНЖ-не өтеді. Онда жүйке жасушаларына тура әсерін көрсетеді (нейротропты). Әсіресе жергілікті сегмент жасушалары және бульбарлы бөлімінде таралады, көбінесе, өзгерістер ОНЖ-да дамиды, бірақ басқа ағзалар мен тіндер де зақымданады, морфологиялық тұрғыдан жедел қабыну дамиды. Тамырлық өзгерістер көбінесе жүйке жүйесінде келесі түрде пайда болады, геморрагия, эритро- және лейкостаздар, периваскулярлы инфильтрат, периваскулярлы және перицеллюлярлы ісіну.Патанатомиясы
Патоморфологиялық өзгерістер негізінен: бас миы және жұлынның сұр затында (негізінен бас миының жұлын бөлігінде қозғалтқыш бөлігінде), сонымен бірге: ортаңғы ми, таламустық және гипоталамустық аймақтар, бас ми қыртысы, мишық, перифериялық нейрон қыртыстары, мұнда интерстициальды неврит дамиды, мидың жұмсақ қабаттары. Некротикалық процесстер келесі жерлерде көрінеді: жұлынның мойын бөлігінің алдыңғы мүйіздері, бас сүйек жүйкелерінің ядролары, ретикулярлы субстанциясындаКлиникасы
Инкубациялық кезеңі 1-3 күннен 25-30 күнге созылады. Орташа 7-14 күн. Кене энцефалитінің клиникасында 2 синдромды қарастыруға болады:- интоксикация синдромы
- әртүрлі деңгейде орналасқан жүйке-жүйесінің зақымдалу синдромы
- қызбалы
- менингеальды
- менингоэнцефалитикалық
- менингоэнцефалополиомиелитті
- полирадикулонневритті
Ішкі ағзалар бойынша: ЖҚЖ: тахикардия және брадикардия, гипотония, жүрек тондары әлсіреуі мүмкін. Асқазан-ішек жолдары -тілі жиі ақ жабындымен жабылған, ішіне жел толып, нәжісінің болмауы. Кене энцефалиті кезінде дене қызуы 5-6 күн бойы көтеріледі, сирек 2 апта. Аурудың жеңіл ағымында қызба 2-3 күн болады. Перифериялық қан: нейтрофильді лейкоцитооз 10-20х109 л мөлшерінде, ЭТЖ жоғарлаған Әрбір клиникалық формалар үшін белгілі бір клиникалық белгілер тән. Қызбалық формасы жалпы аурулардың 40-60% кездеседі. Бұл формасы ағымы және болжамы бойынша оң нәтижелі. Негізгі симптомы-қызба, ол бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін сақталады. Кейде болуы мүмкін: ұмытшақтық, әлсіз және тез өтетін неврологиялық симптоматика Жалпы интоксикация синдромы әлсіз және орташа көрінеді. Менингеальды формасы науқастардың 40-60% кездеседі және интоксикация синдромы кезінде серозды менингиттің дамуымен сипатталады. Клиникасында менингеальды синдром және ликвордың өзгерісі байқалады:
- плеоцитоз 30-600 жасуша 1 мкл, лимфоцитарлы түрде
- ақуыздың жоғарлауы 1-2 г/л
- оң және сол жақ аяқ қолдың спастикалық салдануы
- беттің және тіл асты жүйкелерінің бір жақты зақымдалуы
- «құмырсқаның жыбырлаған сезімі» сияқты парестезияның болуы
- терінің әр түрлі аймақтарындағы шаншуы
- жүйке бағаналарының бойындағы ауырсыну
- «тартылымның» оң симптомы
- аяқ-қолдың дистальды бөліктерінде «қолғап, носки» түріндегі сезімталдықтың бұзылуы
Диагноз қою
Диагностика негізделеді: клиникалық, эпидемиологиялық мәліметтер, лабораторлы, вирусологиялық, серологиялық әдістер: РСК, РПГА, ИФА, РТГА, жұп сарысуда бейтараптау реакция, 2-3 апта интервал аралығында алынады.Емі
Госпитализациялау міндетті түрде жүргізіледі. Емі комплексті және оған кіреді:- төсектік режим (интоксикация синдромдары кеткенге дейін)
- энцефалитке қарсы арнайы донорлық иммуноглобулин, күніне 3-12 мл мөлшерінде 3 күн ішінде. Ауыр формасында күніне 2 рет 6-12 мл-ден, аралығы 12 сағат иммуноглобулинді неғұрлым ерте енгізу қажет.
- реоферон
- лейкинферон және басқа интерферон индукторы:
- амиксил
- циклоферон
- дезинтоксикациялық
- дегидратациялық
- гормонтерапия
- симптоматикалық терапия
- витамин В тобы
- прозерин
- дибазол
- антигистаминді препараттар