12
январь
2019
Құрметті педагогтар және мектеп қызметкерлері!. Енді жұмысқа қабылдау jumys.sitcen.kz порталы арқылы жүзеге асады.
Жамбыл облысы әкімдгінің білім басқармасының басшысы Р. Тұрмахамбетованың 2018 жылғы 19 қазандағы №02-5688 хатына сәйкес: "Педкадрларды жұмысқа қабылдау және вакансияларды жариялау" ақпараттық жүйесі (jumys.sitcen.kz) 22 қазаннан бастап білім беру мекемелері бос жұмыс орындарын порталда жариялай бастайды. Осыған орай біздің мектепте де жұмысқа қабылдау осы портал арқылы жүзеге аса бастады. Ең алғашқы болып информатика кабинеті лаборанты Сағындықова Анар осы портал арқылы жұмысқа қабылданды. Бос жұмыс орыны осы порталға жарияланған күннен бастап үміткер осы портал арқылы өз өтінішін жібереді. Барлық құжаттары да осы портал арқылы қабылданады. Өтінім қабылдау күні аяқталғаннан соң үміткер біліктілік тестін тапсырады. Тест қорытындысы шыққан соң, хаттама жазылып , қабылдау комиссиясының қарауынан өтеді. Қабылдау комиссиясы мақұлдаса еңбек шартымен жұмысқа қабылданады. Осының барлығы портал арқылы жүзеге асады.