Бөпежанова Забира Каһарманқызы » Жамбылская область Сарысуйский районс.Саудакент сш. им. Байкадама Кашкинбаева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Cарысу ауданы білім бөлімінің
«Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 342-12-58
Есепші бөлімі:
+7 (775) 456-96-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бөпежанова Забира Каһарманқызы
24
сентябрь
2020

Бөпежанова Забира Каһарманқызы

Бөпежанова Забира Каһарманқызы 1985 жылы Байқадам орта мектебінің толық курсын аяқтады. Ол еңбек жолын аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде шахмат-тоғызқұмалақтан жаттықтырушы болып бастады. 
      Өмір жолын ұрпақ тәрбиесіне бағыштаған Бөпежанова Забира Каһарманқызы 1989 жылдан бері Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен дәріс беріп келеді.       
     Забира Каһарманқызы жаңа технология әдіс-тәсілдерін қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тиімді қолданады. Бұл технологияның түрлі жарыстарға, олимпиадаға, интеллектуалдық жарыстарға ықпалы зор. Оған дәлел, 2012-2013 оқу жылында 11-сынып оқушысы  Мәлік Айгүл облыстық пән олимпиадасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша жүлделі ІІ орынға ие болып, Республикалық олимпиадада  жүлделі ІІІ иеленіп, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ІІІ дәрежелі Дипломымен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының Сертификатымен марапатталды. 2012-2013 оқу жылында 11-сынып оқушысы   Амангелдиева Айжан “Жарқын болашақ” V Республикалық KATEV қазақ тілі олимпиадасында қатысқаны үшін Алғыс хатпен, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен өткізілген “Мәңгілік ел болу – мерейлі мұрат” тақырыбындағы шығармалар байқауында ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. 2014-2015 оқу жылында 11-сынып оқушысы Мейрамбеков Мейірбек “Жарқын болашақ” VІ Республикалық KATEV қазақ тілі олимпиадасында қатысып, ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. 2015-2016 оқу жылында 5-сынып оқушысы Көшекбай Рамазан қашықтықтан өткізілген “Мамандықтың бәрі жақсы” Республикалық интернет-байқауда І дәрежелі  Дипломмен, 7-сынып оқушысы Омарбаева Диана “Ұлы дала” дарынды балалар арасында өткен халықаралық байқауда “Қазақ поэзиясы мен прозасы” номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі Дипломымен, “EXPO-2017” көрмесіне  және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жазғы мектебіне қатысу Сертификатымен марапатталса, 5-сынып оқушысы Байболова Аяулым “Кел, шырқайық!” атты ІІ облыстық байқауынды ІІІ орын иеленді.  
     2013-2014 оқу жылында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Алғыс хатымен, 2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі біліктілікті арттырудың  Қазақстандық өңіраралық орталығының  Мақтау Грамотасымен, “Көшбасшы мұғалім – Учитель-лидер” республикалық ақпараттық-әдістемелік газеті редакциясының Алғыс хаты және сертификатымен марапатталды.
     Забира Каһарманқызының “Оқу-тәрбие ісінің басты мақсаты – жан-жақты дамыған жеке тұлғаны оқыту мен тәрбиелеу” кітапшасында Қ. Аманжоловтың “Туған жер” өлеңі, “Көшбасшы мұғалім” республикалық ақпараттық-әдістемелік газетінің 2017 жылғы №3 санында “Бұйрықты сөйлем” тақырыптарындағы ашық сабақтары жарияланды.
     2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша тәмәмдады. 
      2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласы негізінде жүзеге асырылған «100 жаңа есім» жобасы аясында жинақталған «ОZATTAR» - Қазақстан білім саласы үздіктерінің энциклопедиясы»  жобасына қатысып, Республикалық білім саласы үздік қызметкерлерінің қатарынан көрініп, «Қазақстан ұстазы» төсбелгісімен марапатталды.
     2019-2020 оқу жылынан бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы.
     2020-2021 оқу жылдың қыркүйек айынан «Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» КММ-не қарасты мемлекеттік мекемелер және қазыналық кәсіпорындар мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Жамбыл облыстық  ұйымының Сарысу аудандық комитеті» Филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен төрайымдарының Президенті.
     Забира Қаһарманқызы 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеген ана,10 немеренің әжесі.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив