Ақпарат » Страница 45 » Жамбылская область Сарысуйский районс.Саудакент сш. им. Байкадама Кашкинбаева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Cарысу ауданы білім бөлімінің
«Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 342-12-58
Есепші бөлімі:
+7 (775) 456-96-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектеп психологы "Жазғы мектеп" және психопрофилактикалық жұмыстарының іс-шаралар жоспарына сәйкес 31.05.2021ж. К.Юнг-тің "Базалық қажеттілік"Арттерапиясы жүргізді.
31
май
2021
Мектеп психологы "Жазғы мектеп" және психопрофилактикалық
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінде мектеп психологы "Жазғы мектеп" және психопрофилактикалық жұмыстарының іс-шаралар жоспарына сәйкес 31.05.2021ж. К.Юнг-тің "Базалық қажеттілік"Арттерапиясы жүргізілді. Мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі танып білуіне жағдай жасау. Арттерапия әдісінің элементтері арқылы оқушылардың шығармашылық үдерісін күшейту және оқушылардың алаңдаушылық пен стресс деңгейін төмендету. Қатысқан сыныптар 2-3 сынып оқушылары.  
"Жасөпірімдер арасында қылмыс жасаудың және өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу жөнінде жүргізілетін жұмыстар  өз дәрежесінде атқарылуда.
26
май
2021
"Жасөпірімдер арасында қылмыс жасаудың және өзіне-өзі қол жұмсаудың
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша "Жасөпірімдер арасында қылмыс жасаудың және өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу жөнінде жүргізілетін жұмыстың іс—шараларына сәйкес психологиялық алдын алу мақсатында: 26.05.2021ж. " Жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу" тақырыбында мектеп психологы мектеп оқушыларының ата-аналарына вацап желісі арқылы жадынама таратты. 
25.05.2021 оқу жылының аяқталуына орай "Сыңғырла, соңғы қоңырау" атты іс-шара өткізілді.
25
май
2021
25.05.2021 оқу жылының аяқталуына орай "Сыңғырла, соңғы қоңырау" атты
25.05.2021 оқу жылының аяқталуына орай "Сыңғырла, соңғы қоңырау" атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға аудандық маслихат депутаты, білім бөлімі әдіскері және аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы қонақ ретінде қатысты. Мектеп директоры Л. Нұрмаханова оқу жылын қорытындылады және мектеп бітіруші түлектерге алдағы ҰБТ және қорытынды аттестаттау емтихандарынан жоғары балл алуын тіледі. Сонымен қатар жыл бойына жүргізілген "Оқуға құштар мектеп" акциясын қорытындылап жүлдегерлерге бағалы сыйлықтарды
Мектебімізде  "Оқуға құштар мектеп жобасы" өз мәресіне жетті.
25
май
2021
Мектебімізде "Оқуға құштар мектеп жобасы" өз мәресіне жетті.
Мектебімізде  "Оқуға құштар мектеп жобасы" өз мәресіне жетті. Бұл жоба шарты бойынша оқушылар өздері оқыған кітап жайлы айту қажет. Жоба өз мәресіне жетіп 1,2,3 орындарға бағалы сыйлықтар табыс етілді. 1 орынға - балалар  велосипеді, 2 орынға - планшет, 3 орынға - доптар  жиынтығы  табыс  етілді.  Бұл  іс- шара  келесі  жылы да  өз жалғасын табатын  болады.    
Кенеден сақ болыңыз!!!!!
21
май
2021
Кенеден сақ болыңыз!!!!!
Кенелер - өрмекші тәріздестерге жататын жәндіктердің бір түрі.                      Олардың ішінде кейбіреулері ауыл шаруашылығына орасан зор зиян келтірсе, ал кейбір зиянкестің табиғи жауы ретінде көптеген пайдалы жақтары да бар. Паразитті түрлерінің ішінде түрлі жан-жануарлардың денесіне жабысып, қанын сорып тіршілік ететіндері және көптеген жұқпалы ауруларды таратушылары да бар. Солардың бір тобы – иксодид кенелері. Иксодид - елімізде кездесетін кенелердің ішіндегі ең ірісі. Толық жетілген
"Менің  отбасым" атты  сурет  байқауы  өтті.
21
май
2021
"Менің отбасым" атты сурет байқауы өтті.
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша 1-4 сыныптар арасында сурет байқауы өткізілді.Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасы деген Отанымыздың шырағы сөнбесін,  жылулық пен қамқорлыққа, мейірімділік пен сыйластыққа толы болсын!
Дебат  ойыны өткізілді.
21
май
2021
Дебат ойыны өткізілді.
Дебат  технологиясын  дамыту  қазіргі  заман  талабы.  Себебі  дебат  ойындары  баланың  ой- өрісін, сөйлеу  мәнеріп  шыңдайды.  Мектебіміздегі "Намыс " дебат клубының кезекті  отырысы  өтті. "Бүгінгі заманның құндылығы неде? атты  тақырыпта  өткен  ойында  дебат  ойыны  мүшелері  өз ойларын  ортаға  салып,  өз ойларын  дәлелдей  алды.  Ойын  әдеттегідей  даттаушы және жақтаушы  жақтар  арасында  Карл Поппер  форматында  өткізілді. #Дебат #Жамьылоблысыәкімдігініңбілімбасқармасы #румцдомнорк
Мектебімізде  кезекті  түлектермен  кездесу  кеші өтті.
21
май
2021
Мектебімізде кезекті түлектермен кездесу кеші өтті.
Мамыр  айының 6 күні "Жомарт түлек"  акциясы аясында мектебімізде "Мектепке тағзым"  тақырыбында түлектермен кездесу өткізілді. Кездесуге Серіков Байман, Жұманова Ақмарал, Сақыпбеков Жұмат, Боранбаева Сандуғаш, Жылқыбаева Сандуғаш  шақырылды. Түлектеріміз оқушылармен ой бөлісіп, мектептегі қызықты оқиғаларын естеріне түсірді. Сонымен қатар өздері оқыған сыныптарын аралып көріп, мектепте отырған парталарына отырып сағыныштарын басты.
Cуға түсу  маусымының  қауіпсіздік шаралары.
21
май
2021
Cуға түсу маусымының қауіпсіздік шаралары.
Жаз мезгілінде судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар! Бұл өкінішті оқиғаларға ұрынудан және туғандарыңыз бен жақындарыңызды уайымынан сақтайды. Су айдындарында адамдардың апатқа ұшырау себебін талдасақ, суға батқандардың жартысы ережені бұзған азаматтардан құралса, үштен бірі мас күйінде, ал қалғандары – үлкендердің қарауынсыз қалған балалар екенін көреміз. Сондықтан Сіз су айдынында демалып жатсаңыз да, қармақпен балық аулап отырсаңыз да, қашанда қауіпсіздік ережелерін есте сақтап
"Мектепке сағыныш" атты  түлектермен кездесу өтті.
29
апрель
2021
"Мектепке сағыныш" атты түлектермен кездесу өтті.
Мектебімізде "Жомарт түлек" акциясы аясында " Мектепке  сағыныш... " тақырыбында  мектебіміздің түлектерімен кездесу өткізілді. Кездесуге Сарысу ауданы білім бөлімінің басшысы Ильяс Баймағамбетов, білім бөлімі әдіскері Раймов Жанаділ, Жаңаталап орта мектебінің директоры Сағындықов Балғабай және Әйтеке мектебі директоры Назарбеков Қанат ағаларымыз қатысты. Түлектер өз тарапынан оқушыларға  мектеп кезіндегі естеліктерімен бөлісіп, оқушыларымызды өте жақсы оқуға шақырды. Кездесу барысында