29
апрель
2021
"Мектепке сағыныш" атты түлектермен кездесу өтті.
Мектебімізде "Жомарт түлек" акциясы аясында " Мектепке сағыныш... " тақырыбында мектебіміздің түлектерімен кездесу өткізілді. Кездесуге Сарысу ауданы білім бөлімінің басшысы Ильяс Баймағамбетов, білім бөлімі әдіскері Раймов Жанаділ, Жаңаталап орта мектебінің директоры Сағындықов Балғабай және Әйтеке мектебі директоры Назарбеков Қанат ағаларымыз қатысты. Түлектер өз тарапынан оқушыларға мектеп кезіндегі естеліктерімен бөлісіп, оқушыларымызды өте жақсы оқуға шақырды. Кездесу барысында түлектеріміздің балалық шағын еске салатын суреттер, сыныптастарының түлектеріміз туралы ыстық лебіздері айтылып, ойын ойнатылып және ән айтылып қызықты өтті. Кездесу барысында санитарлық талаптар қатаң сақталды.


