27
декабрь
2024
"Бала құқығы - адам құқығы" ҰАН аясында мектебімізде «Балалар құқықтарын сақтау — қоғам міндеті» тақырыбында пікірталас жүргізілді.
Мақсаты: балалар құқықтарының маңыздылығын түсіндіру, қоғамның құқықтық мәдениетін арттыру, оқушыларды пікірталас арқылы өз ойларын жеткізуге және дәлелдеуге үйрету. Сонымен қатар, балалар құқықтарын сақтау бойынша қоғамның жауапкершілігі мен әрбір адамның рөлін талқылау.
2024 жылдың 27 желтоқсанында Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектепте «Балалар құқықтарын сақтау — қоғам міндеті» тақырыбында дебат өтті. Іс-шара мектептегі «ЖасҰлан» ұйымының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Дебаттың модераторы — ұйым жетекшісі Қамбарова Нұрсауле. Дебатты мектептегі «Намыс» дебат клубының жетекшісі Қамбарова Нұрсауле ашты. Ол балалар құқықтарын қорғаудың маңызы мен қоғамның бұл құқықтарды сақтау міндеті туралы айтып, оқушыларға дебаттың ережелері мен мақсаттарын түсіндірді. Оның сөзінде балалар құқықтарының бұзылуының алдын алу қоғамның тұрақты дамуына әсер ететіні және бұл тақырыпты талқылаудың маңыздылығы атап өтілді.
