26
декабрь
2024
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша "Құқық және міндет" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Мерзімі: 26.12.2024 ж Саудакент ауылы
Ұйымдастырушы: «ЖасҰлан» ұйымы
Жетекшісі: Шыназбаева Перизат
Мақсаты: құқықтар мен міндеттер арасындағы байланысты түсіндіру, оқушыларға олардың құқықтары мен міндеттері туралы түсінік беру, сондай-ақ өзара құрмет пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.
2024 жылдың 26 желтоқсан күні Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектепте «Құқық және міндет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шараны мектептегі «ЖасҰлан» ұйымы ұйымдастырып, жетекшісі Шыназбаева Перизат басқарды. Дөңгелек үстелдің мақсаты – оқушылар арасында құқықтар мен міндеттер туралы түсінік қалыптастыру, құқықтық мәдениетті арттыру және азаматтық жауапкершілік туралы ойлау дағдыларын дамыту болды. Іс-шараға 7-11 сынып оқушылары қатысты. Дөңгелек үстелдің басында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Акан Ташкеев сөз сөйлеп, жастардың құқықтық мәдениетін арттырудың маңыздылығын атап өтті. Ол қазіргі қоғамда әр адамның өз құқығын білу және оны қорғау, сондай-ақ өз міндетін адал орындау қажеттігін жеткізді.