23
декабрь
2022
" Намыс" дебат клубы " Жаңа жылды қалай қарсы алған дұрыс?" тақырыбында кезекті ойынын өткізді.
Балалар жылы аясында жаңа жыл мерекесі қарсаңында " Намыс" дебат клубы " Жаңа жылды қалай қарсы алған дұрыс?" тақырыбында кезекті ойынын өткізді. Ойынның мақсаты: дебат мүшелері арасында дәстүрге айналған жаңа жылды тойлау дәстүрі қазаққа тән бе? деген сауал төңірегінде пікірталас жүргізу. Пікірталас жүргізуге " Намыс" және " Мұрагер" фракциялары қатысты. Даттаушы және жақтаушы фракциялар жеребе тастау арқылы анықталды. Ойын Карл Поппер форматында жүргізілді. Екі фракцияда жақсы дайындықпен келгенін дәледеу арқылы үздік ойын өрнегін көрсете білді.
