19
ноябрь
2021
« Бейне ойындар балалар үшін тым қатал ме? деген тақырыпта турнир өткізілді.
Ағымдағы жылдың 19 қараша күні мектепішілік дебат клубының жұмыс жоспарына сай 9- 10 сынып оқушылары арасында « Бейне ойындар балалар үшін тым қатал ме? деген тақырыпта турнир өткізілді. Дебат ойыны Карл Поппердің дебат форматында өтті. Ойында әдеттегідей даттаушы және жақтаушы команда сынға түсті. Ойын барысында даттаушы топ мүшелері «Garena free fire», «War thunder» және де басқа атыс- шабысқа негізделген ойындардың бала психикасына зияны жайлы делелдер келтіре отырып өз позицияларын қорғап шықты. Даттаушы жақтың мүшелері компьютерлік ойындардың бала психикасына зияны жоқ екенін, алдағы ғасыр компьютердің дамыған заманы екеніне дәлел келтіре отырып позицияларын алға тартты. Команда спикерлері дебат форматының ережесін сақтай отырып қарар бойынша сұрақтар ұсынып өз сұрақтарына тиісті жауаптарын алды. Ойын соңында даттаушы жақ жақтаушы жақтың көзқарасын өзгерте білді.


