27
сентябрь
2021
"Кел, балалар, оқылық!" тақырыбында 1-4 сынып оқушылары арасында мектепішілік мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
Б.Қашқынбаев атындағы орта мектебінде 27 қыркүйек күні Ұлт ұстазы- Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай "Кел, балалар, оқылық!" тақырыбында 1-4 сынып оқушылары арасында мектепішілік мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Байқауда бастауыш сынып оқушылары ұлы ұстаздың өнегелі өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп оқып, шығармаларынан үзінділер айтты. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар алғыс хаттармен марапатталды.



