05
март
2022
«Сапалы маман даярлау жолдары» тақырыбында 7-8 оқушылары арасында дебат ойыны өткізілді.
" Намыс" дебат клубының ұйымдастыруымен «Сапалы маман даярлау жолдары» тақырыбында кезекті ойындарын өткізді. Ойын АПФ форматында өтілді. Ойынға 7 сыныптан құрылған " Ойтолғау" және 8 сыныптан құрылған " Серпер" топтары қатысты. "Ойтолғау" фракциясы қазіргі кездегі қолданыстағы дуальды оқыту теориясын алға тарытып артықшылықтарын нақты мысалдар мен фактілер келтіре отырып түсіндіріп берді. "Серпер" фракциясы даттаушы жақ позициясын ұстанған соң ол теорияға қарсы дәлелдер келтіре отырып өз ойларын жеткізе білді. Ойынның екінші кезеңінде сұрақтар қойылып оған қарсы жауаптар берілді. Ойын тартысты өтті.

