16
февраль
2022
"Мемлекет сөз бостандығын шектеу қажет пе? " тақырыбында дебат ойыны 10-11 сыныптар арасында өтті.
Ағымдағы жылдың 16 ақпанында мектепішілік " Намыс" дебат клубының жұмыс жоспарына сай "Мемлекет сөз бостандығын шектеу қажет пе?" тақырыбында мектепішілік турнир өткізілді. Турнирге 10 сыныптан құрылған " Ақберен" және " Адал ұрпақ" фракциялары қатысты. " Мемлекет сөз бостандығын шектеу қажет!" деген позицияны ұстанған үкімет тобы атынан шыққан "Ақберен" фракциясы өздерінің ұстанымдарын дәледеп шықты. Мемлекетте сөз бостандығын қоя беру, үлкен шығын мен бейберекет тәртіпсіздікке алып келетінін алға тартып еліміздегі " Қанды Қаңтар" атымен тарихта қалған қаңтар оқиғасын мысалға келтірді. Сол кездегі интернеттегі және әлеуметтік желіге салынған шектеу ғана көмектескенін алға тартты. Оппозиция ұстанымын алға тартқан " адал ұрпақ" фракциясы сөз бостандығын шектеу адам құқығын шектеу мен тең екенін және т.б мысалдар келтіре отырып қарыс жақты өз ойын өзгертуге тырысты. Ойынға төрелік еткен төрешілер " Үздік ойыншы", "Үздік дебатшы" және " үздік ойшыл" номинацияларымен дебатшыларды марапаттады.
