16
февраль
2024
«Ұл тәрбиесі ұядан» тақырыбында ата-аналармен дөңгелек үстел өткізілді.
Ақпан айында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Ұл тәрбиесі ұядан» тақырыбында ата-аналармен дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: рухани адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу. «Құқықтық білім беру» айлығы аясында «Әкелер мектбі» кеңесімен кездесу өткізілді. Мектепішілік «Әкелер мектебі» кеңесіне Байқадам ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлмағамбетов Арқабай, мектепішілік ата-аналар кеңесінің төрағасы Орынбеков Талғат Януарбекұлы және Сарысу ауданы білім бөлімінің әдіскері Бетаева Бота қатысты. «Әкелер кеңесін өткізудегі мақсат - «әке мен бала» арасындағы қарым-қатынасты нығайту және бала тәрбиесіндегі әке рөлінің маңыздылығын айқындау. Сол сияқты бала үшін қауіпсіз ортаны құру және қолдау. Сонымен қатар отбасылық құндылықтарды сақтау және нығайтуға бағытталады» Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Сыздықова әкелермен «Ұл тәрбиесі-ұядан» тақырыбында коучинг өткізді. Коучинг барысында «Әкенің қоғамдағы рөлі қандай?», «Отбасының басты негізгі құндылықтары», «Қәзіргі қоғамда болып жатқан әлімжеттік, зорлық зомбылық, бопсалау дегендерге кімдер кәнілі, оның алдын алу қандай жолдары бар?» тақырыбында өзекті мәселер қозғалып, пікірлер алмасты. Сарысу ауданы білім бөлімінің әдіскері Бетаева Бота ауданда болып жатқан құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарына тоқталып, әкелерге ақыл-кеңестер айтты.
Мектеп директоры Нұрмаханова Лаура Игенқызы -«Бір әкенің тәрбиесін - жүз мектепте бере алмас»- деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Сол себепті де бала тәрбиесін халқымыздың ежелгі озық дәстүрлерін негізге ала отыру керек. Бұрындары әкенің қас қабағынан, қаһарынан сескеніп өскен балалар әкенің қадір - қасиетін жақсы білетін Балаға әкесінен қорыққандықтан емес, әкенің отбасындағы басты адам екенін сезініп, ер азамат ретінде көретін. Әкеден тәрбие алған қазақ баласының әкеге деген осылайша құрметі арта түседі.
Осылайша әкеден тәрбие алған қазақ баласының жаман болмасы анық. Әкелеріміздің амандығын, өсіріп жеткізген балаларының қызығын көруге нәсіп еткізсін. Бар баланың бақытына бір Алладан кейінгі панасы «Әкелер» аман болса екен деймін деп бүгінгі кеңеске қатысқан әкелерге алғыс білдірді.